Түркістан қаласында Тәуелсіздік күні мерекесінде 500-ге жуық отбасы баспаналы болды.
Жаңадан салынған «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, пәтер кілтін облыс әкімі табыстады. Қаланың әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты үйлер жергілікті әкімдіктің тапсырысымен салынған. Нәтижесінде кезекте тұрған азаматтарға үлестірілді.
Айта кетейік, биыл жыл басынан бері Түркістан қаласында 482 отбасы баспаналы болды.