Қазақстан ағылшын тілін меңгерген 116 елдің ішінде 103 орында, былтырғымен салыстырғанда тек бір сатыға көтерілген. Education First халықаралық компаниясының биылғы рейтингі осы. Мұндай көрсеткішке не себеп? Қазақстан тізімде неге төмен тұр? Әріптесім анықтап көрді.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Ағылшын тілін меңгерген елдердің тізімі жыл сайын жаңарады. Зерттеу арнайы сынақ нәтижесіне негізделген. Биыл тестілеуге 116 елден 2 миллионнан астам ересек адам қатысқан. Халықаралық тілді ең жақсы меңгерген елдердің көшін 636 ұпай көрсеткішімен Нидерланд бастады. Кейнгі орындарда Норвегия, Сингапур және Швеция тұр. Қазақстан бұл тізімде 103-орында. Ал рейтинг соңында Кот-д’Ивуар, Сомали және Йемен тұр.
Зерттеу жүргізген орталықтың кеңсесі Қазақстанда да бар. Арнайы емтиханды биыл 35 000 қазақстандық тапсырған. Ағылшын тілін меңгеру бойынша елдің орташа индексі 700 мүмкін ұпайдан 427 балл. Бұл көрсеткіш «өте төмен» деген баға алды.
Дмитрий Федоров, ТМД елдері бойынша EF директоры:
Өкінішке қарай, бұл — ТМД елдері арасындағы төменгі рейтингтердің бірі. 26-35 жас аралығындағы адамдар ағылшын тілін жастарға қарағанда жақсырақ меңгерген. Яғни, қазіргі таңда университеттердің халықаралық деңгейде жұмыс істеуге дайын мамандарды даярлап жатқанын айту қиын.
Шет тілін меңгеру деңгейі тікелей білім беру жүйесіне байланысты және мұндай көрсеткішке бірнеше себеп бар. Гарвард университетінде білім саласындағы өзгерістер мен инновация жолдарын зерттеп жүрген Әсел Амангелдінің пайымы осы.