16-17 желтоқсан күндері Қазақстан-Қытай шекарасының өткізу пункттері уақытша жабылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Бұған басты себеп- екі мемлекеттің тиісті келісімдеріне сәйкес, елдерде өтетін мерекеге орай мұндағы жұмыс уақытша тоқтамақ. Яғни, шекарадан адамдар, көліктер және жүктер өткізілмейді. Алайда, теміржол өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істей береді.