2025 жылғы бюджетте ұлттық фильмдерді дамытуға, қолдауға 3,7 млрд қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сұрақ қойғанда айтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.
2025 жылғы бюджетте ұлттық фильмдерді дамытуға, қолдауға 3,7 млрд қарастырылып отыр. Аударманың өзіне 1 млрд-тан асады. 2024 жылы қанша ұлттық фильм елге жетті және одан қанша пайда түсті? Егер одан ешқандай пайда түспесе, елге жетпесе, ондай шығындардың қажеті қанша? Қазақ анимациялық мультфильмдерін дамыту қалай жүріп жатыр? Олардың контентін толтыру, көрерменін ұлғайту. Мысал ретінде YouTube-ты да айтсаңыз болады, — деді Ринат Зайытов.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, 2024 жылға қатысты айтсақ, осы жылдың соңына дейін ендігі жылы 13 киножоба прокатқа шығарылады, онымен қоса 2 деректі фильм және 3 анимациялық фильм бар.
Бұл ретте бұған 3 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Жалпы айта кететін жайт, бұрын нақты жобаларды алатын болсақ, биылдан бастап іріктеу ережесі түбегейлі өзгерді. Біз жобаларды емес, сценарийлер байқауын өткізіп, сол байқаудың нәтижесінде туындылар шығады. Жалпы бұқара халыққа жақсы жаңалықтар болады деп сенімін. Анимацияға келетін болсақ, шынымен де сіз айтқан 1 млрд теңгеге үш бағытқа бөлінеді. Біріншісі – дистрибьюция. Біздің 4 туынды шетелге прокатқа шықты. Екіншісі – дубляждау мәселесі. Мұнда өзінің қиындықтары бар. Біздің тарапымыздан бекітілген ережелерге сәйкес келетін, байқауларға қатысатын ұйымдарды таба алмадық. Қазір ережелерді өзгертіп жатырмыз. Үшіншіден, қазақстандық анимацияға қатысты дұрыс айтасыз. Балалар контенті өте тапшы, сондықтан біз мұнда екі бағытта жұмыс істеп отырмыз. Қазақфильм арқылы, екінші бағыт телевизиядағы Балапан телеканалының өнімдері және басқа да жеке меншік ұйымдармен бірлесіп арнайы жобалар жасап жатырмыз, — деп түсіндірді министр.