Арал теңізін сақтап қалу бүгінгі азаматтардың борышы және міндетіне айналуы тиіс. Осы қағиданы өмірлік мақсат еткен «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Жомарт Қартбаев «Байтақ» жасылдар партиясынан көмек сұрап келді.
Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев қоршаған ортаны қорғау — «Байтақ» партиясының ең басты міндеті екенін айтып, Арал тақырыбы, оны қорғау, дамыту мәселесі ең бірінші орында болатын жеткізді. Сондықтан да «Байтақ» партиясы Арал мәселелерін көтеруге арналған саммит ұйымдастыруды қолдайды.
Айта кету керек, «Байтақ» партиясы осы күнге дейін де теңізге су тарту, оның айналасына ағаш отырғызу мәселелерін көптеп көтеріп келеді. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.