Ол белгілі бір кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.
Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.
Тоқтасынов Алматы көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызмет шартын жасасқаны және орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.
Сот үкімімен Тоқтасыновқа — 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа — 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.