• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » 9,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

9,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

29 сентября, 2025 Жаңалықтар
Фото: ЕХӘҚМ

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Биылғы жылдың сегіз айында 9 586 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, ресми түрде қандас мәртебесін иеленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 157,6 мың этникалық қазақ қоныстанды.

2025 жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың ішінде ең көп үлесті – Өзбекстаннан келгендер құрайды (45,7%). Екінші орында Қытайдан келгендер (41,8%). Түрікменстаннан келгендердің үлесі 4,6%, Моңғолиядан келгендер – 2,7%, Ресейден келгендер – 2,6%, ал өзге елдерден келгендер де 2,6% шамасында.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы қазақ үлесі 58,7% болса, балалар – 32,3%, зейнеткерлер – 9% құрады.

Еңбекке қабілетті жастағылардың 15,4%-ының жоғары білімі бар, 29,7%-ы орта кәсіби білімді, 52,3%-ы жалпы орта білімді, ал 2,6%-ының білімі жоқ.

Қандастар еліміздің барлық аймақтарына қоныстанды. Алайда еңбек күші тапшы өңірлер – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары негізгі бағыт болып саналады.

2025 жылға осы өңірлерге қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрады. 1 қыркүйекке дейін бұл аймақтарға 1 467 қандас орналасты.

Мемлекет тарапынан көмек шаралары қарастырылған:

• көшуге арналған біржолғы жәрдемақы – отағасына және отбасы мүшелерінің әрқайсына 70 АЕК (275,2 мың теңге);

• тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемдерге – бір жылға 15–30 АЕК (58,9–117,9 мың теңге).

Жыл басынан бері 594 қандасқа түрлі қолдау көрсетілді, оның ішінде 237 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру үшін жұмыс берушілерді қолдау және тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жаңа құрал енгізілді. Экономикалық ұтқырлық сертификаты аясында азаматтарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға мүмкіндік беріледі. Сертификат көлемі – тұрғын үй құнының 50%-ына дейін немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін қайтарымсыз көмек.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар Министрлік этникалық қазақтар

Оқылып жатыр

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

Әлем 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Таяу Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды.…

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.