• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Аббас: ХАМАС Палестинаны басқаруға қатыспайды

Аббас: ХАМАС Палестинаны басқаруға қатыспайды

26 сентября, 2025 Жаңалықтар
Фото: Adem Altan/AFP/Getty Images

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Палестина жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ Бас Ассамблеясына жолдаған үндеуінде ХАМАС қозғалысының болашақ палестин үкіметіне қатысуын түбегейлі жоққа шығарды. Сондай-ақ ол ХАМАС пен өзге де топтар қаруын тапсырып, заңды билік органдарына бағынуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы: «ХАМАС мемлекеттік институттарды басқаруда ешқандай рөл атқармайды», – деді бейнебайланыс арқылы Ассамблея делегаттарына арнаған сөзінде.

Саясаткердің айтуынша, ХАМАС пен өзге қарулы топтар міндетті түрде қаруларын тапсырып, заңды билікке бағынуы керек. Аббас халықаралық қауымдастықты Палестина мемлекетінің құрылуына қолдау көрсетуге шақырды.

Ол 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылын палестин халқын білдірмейтін әрекет деп атап, антисемитизмді айыптады. Сонымен қатар Газа секторындағы соғыс кезінде Израиль армиясының іс-әрекеттерін «соғыс қылмысы және адамзатқа қарсы қылмыс» деп сынады.

Аббас Нью-Йоркке келе алмады. АҚШ билігі шілде айында ПНА-ға қарсы енгізілген санкциялар аясында оған елге кіруге тыйым салған. Дегенмен, БҰҰ Бас Ассамблеясы көпшілік дауыспен Аббасқа бейнебайланыс арқылы қатысуға рұқсат берді.

26 қыркүйекте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Бас Ассамблеяда сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Бұған дейін, 22 қыркүйекте Франция президенті Эмманюэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындағанын жариялады. Одан бір күн бұрын Ұлыбритания, Канада, Австралия және Португалия да осы шешімін мәлімдеген. Жалпы, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша, Палестинаны БҰҰ-ға мүше 153 мемлекет пен Ватикан мойындады.

Ал Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Нью-Йоркке ұшар алдында жасаған мәлімдемесінде: Германия Палестина тәуелсіздігін екі мемлекет құру жөніндегі келіссөздер аяқталмайынша мойындамайтынын айтты. Сонымен бірге ол мұндай келіссөздер «қазірден басталуы керек» деп, израильдіктер мен палестиналықтардың бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруіне мүмкіндік беруді қолдады.

Махмуд Аббас Палестина Хамас

Оқылып жатыр

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

Әлем 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Өткен жылы рэпер Канье Уэст бірнеше рет Адольф Гитлерді мақтап,…

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.