• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңген Ұлбосын

Әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңген Ұлбосын

2 октября, 2025 Басты тақырып
Фото: жеке альбомынан

Ұлбосын Елмұрат – Шардара армспорт құрамасының жасөспірім спортшысы. Түркістан облысы, Шардара ауданынан шыққан нәзікжанды спортшы сенсациялық жеңіске жетті. Ол Болгарияның Албена қаласында өткен армрестлингтен 46-шы әлем чемпионатында топ жарып, ел мерейін үстем етті. Финалда 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебрановамен қол күрестіріп, айқын басымдықпен жеңіп шықты. Бұл оның жеке жетістігі ғаана емес, Қазақстан армрестлингінің дамуындағы үлкен жеңіске саналып отыр. Осыған дейін Ұлбосын Елмұрат жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанған еді. Сонымен қатар, ол әлем кубогінің иегері ретінде де танымал.

Армрестлингке деген қызығушылық: арман мен еңбек

Ұлбосын бала кезінен спортқа жақын болған. Ол жастайынан ауыл арасында қол күресімен айналысып, қызыға бастаған. Ең алғаш рет ауылда жарыс өтіп, жүлделі орыннан көрінген. Бұл оны армрестлингпен айналысуға алып келген.

«Мен армрестлингке бала кезімнен қызыға бастадым. Бұл спортқа алғаш қадам басуыма ауылымыздағы әпке-ағаларымыз себеп болды. Әсіресе, ауылда жиі өтетін кішігірім жарыстардың бірі мен үшін ерекше есте қалды. Сол сайыста екінші орын алып, алғашқы үлкен әсер мен мотивацияны сезіндім. Содан бері бұл спорт менің өмірімнің маңызды бөлігіне айналды», – дейді спортшы.

Фото: жеке альбомынан

Басты құпия – жауапкершілік пен тұрақты жаттығу

Қол күресімен айналысу үшін тек табандылық керек. Сонымен қатар, күнделікті жаттығуға жауапкершілікпен қарау керек. Бұл жас спортшының ұстанымы. Оның айтуынша, спорттан тәжірибе жинау үшін әрбір жаттығу маңызды.

«Армрестлинг ерекше техника немесе ерекше құрал-жабдықты талап етпейді. Ең бастысы – жаттығуға салғырт қарамау, әрбір қимылды жауапкершілікпен жасау. Бастапқыда бұлшық еттің дамуына аса мән бермегеніммен, уақыт өте келе оның маңызы зор екенін түсіндім. Күн тәртібім де нақты құрылымға негізделген. Таңертең ерте тұрып, мектебіме барамын. Ал жаттығуларым түстен кейін, сағат 15:00-ден 18:30-ға дейін өтеді. Кешкі уақытта демалып, дер кезінде ұйықтауға тырысам. Бұл да спорттағы жетістіктерге тікелей әсер етеді», – дейді.

Жеңілгенді жер көтереді

Ұлбосын жеңіліс тапқан күнді сынақ деп қабылдайды. Әрбір сәтсіздіктен кейін өзіне қажетті сабақ алатынын айтады.

«Бүгінге дейін бірнеше жарысқа қатысып үлгердім. Әрбір сайыс өз алдына бір тәжірибе, бір сабақ. Солардың ішінде бір жарыс мен үшін ерекше әсер қалдырды. Күрес барысында қиын сәттер де болды, алайда менің жаттықтырушым Қалықұлова Меруерт апайымның кеңестері мені жеңіске жетеледі. Кейде жеңіліс те болады. Бірақ ешқашан мойымаймын. «Жеңілгенді жер көтереді» демекші, әр сәтсіздіктен кейін өзімді қайрап, алдағы жарыстарға тиянақты дайындаламын», – дейді

Фото: жеке альбомынан

Отбасым мен достарымның қолдауы маңызды

Армрестлинг спортында табандылық пен қолдаудың маңызы зор. Ұлбосын Елмұрат өз арманына нық сеніп, үлгі тұтар тұлғаларынан шабыт алатын жас спортшы. Ол қыздарды қорықпай, спортты таңдауға шақырады және ел намысын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүр.

«Менің спорттағы жолымда отбасы мүшелерім мен достарым әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Олардың сенімі мен жанкүйерлігі маған күш береді. Сондықтан да армрестлингке қызығатын қыздарға айтарым, қорықпаңыздар, келіңіздер, көріңіздер, өзіңізді осы бағытта сынап көріңіздер! Мен үшін үлгі болар тұлғалар бар. Оларды атап айтар болсам, Қарсыбаев Арман, Қалықұлова Меруерт және Мәлікайдар Ләззат. Олар өз еңбегімен көпке үлгі болып жүр. Мен де Алла қаласа, армрестлингтен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спортшы болғым келеді. Бұл, үлкен мақсат. Оған жету жолында талмай еңбектенемін», – дейді Ұлбосын.

Ал спорттан тыс, бос уақытында саяхаттағанды жақсы көреді. Ел, жер көріп, өзге елдің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысқанды жаны сүйеді. Жаңа таным, жаңа көзқарас оның жан-дүниесіне серпін береді.

Нұргүл Ерғалиқызы
BM.KZ
Шымкент

Армрестлинг Ұлбосын Елмұрат чемпион Шардара армспорт құрамасы

Оқылып жатыр

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай.…

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.