Астана. 1 желтоқсан. BM.KZ — Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
