Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Мемлекет басшысының өкімімен Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
