Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасев Алматы облысының экологиясына 204 миллион теңге зиян келтірген, деп хабарлайды Баймедиа.кз Орда.кз сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Антикордың ресми өкілі Данияр Беғайдаров қалдықтар полигондарына қатысты даулы іс бойынша Іле ауданының әкімі Багдат Карасаевтың тұтқындалуына қатысты берген түсініктемесінде айтты.
Әкім қоқыс полигондарын сенімгерлік басқаруға тиесілі компанияға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктелуде. Сонымен қатар, Бегайдаровтың айтуынша, Қарасаев қылмыстық схемаға аудандық қаржы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшыларын да тартқан. Ал келісім бойынша қоқыс қалдықтарын жою міндеттемелері орындалмаған.
«Оның қызметінен түскен табыс жеке қалтасына кетіп отырған. Заңсыз әрекеттер нәтижесінде Алматы облысының экологиясына 204 миллион теңге көлемінде зиян келтірілді», — деді Антикор өкілі.