• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды

Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды

19 декабря, 2025 Жаңалықтар
Фото: Алматы әкімдігі

Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — 18 желтоқсанда Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды. Негізгі мерекелік іс-шара Абай алаңында, Республика сарайының алдында өтті. Бұл жерде биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бас шыршаны безендіруге 7 шақырымнан астам жаңа жылдық гирляндалар, сондай-ақ сәндік элементтер, үлкен және кіші шырша ойыншықтары, жаңа жылдық әшекейлер мен жарық кескіндемелері пайдаланылды.

– Қала тұрғындары мен қонақтарына заманауи мультимедиялық технологияларды, ауқымды жарық безендіруді және қазақстандық эстраданың танымал орындаушыларының өнерін біріктірген мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Қаланың жаңа жылдық бас шыршасының шамын жағу рәсімінің алдында Республика сарайының қасбетінде екі минуттық лазерлік шоу көрсетілді, — деп хабарлады қала әкімдігі.

Ғимараттың қасбетінде Алматының өзіндік болмысын бейнелейтін ауқымды жарық кескіндемелері көрсетілді. Көрнекі бейнелерде қаланың танымал символдары — таулар, бүркіт бейнесі, сондай-ақ жаңа жылдық элементтер қолданылды. Композицияны жарқын қар ұшқындары, нәзік жарық өрнектері мен динамикалық жарық сәулелері толықтырып, мерекелік әрі салтанатты атмосфера қалыптастырды.

Бағдарламаның тағы бір басты бөлігі, жарық шоуын әсем толықтырған сахналық фейерверк болды, ол мерекелік көңіл күйді одан әрі күшейтті.

Көрермендерге қазақстандық эстрада жұлдыздары, шоу-балет әртістері мен мәнерлеп сырғанаушылар орындаған «Кел, Жаңа жыл!» вокалды-хореографиялық композициясы ұсынылды. Сонымен бірге сахнада Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «КешYOU», «Жігіттер», «Astra» топтары, сондай-ақ Балжан Бидаш пен Kodi өнер көрсетті.

Жаңа жылдық шыршалардың шамын жағу салтанатты рәсімдері қаланың барлық 8 ауданында өтті. Мерекелік алаңдар мына мекенжайларда орналасқан:

• Жетісу ауданы – «Гүлдер» саябағы (Серіков көш., 2А);

• Бостандық ауданы – «Атакент» ҚЫІО;

• Әуезов ауданы – Family Park;

• Медеу ауданы – 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ;

• Алатау ауданы – «Алматы Арена» спорт кешені;

• Наурызбай ауданы – Шұғыла шағынауданы, 347 (амфитеатр);

• Түрксіб ауданы – №6 Оқушылар үйі (Сейфуллин көш., 13/1);

• Алмалы ауданы – Абай атындағы ҚазҰТОБ.

Алматы Әкімдік Жаңа жыл Шырша

Оқылып жатыр

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар 3 февраля, 2026

Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып…

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

3 февраля, 2026

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

3 февраля, 2026

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

3 февраля, 2026

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

3 февраля, 2026

Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

3 февраля, 2026

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

3 февраля, 2026

Ұлттық банк Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шығарады

3 февраля, 2026

Атырау облысында малдың жаппай қырылуы тіркелді

3 февраля, 2026

Қазақстанда жаңа газ кен орны табылды

3 февраля, 2026

ІІМ Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

3 февраля, 2026

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

2 февраля, 2026

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.