• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Анкарадағы келіссөз: Тоқаев пен Ердоған не жөнінде уағдаласты

Анкарадағы келіссөз: Тоқаев пен Ердоған не жөнінде уағдаласты

29 июля, 2025 Басты тақырып
Фото: Акорда

Астана. 29 шілде.BM.KZ – Қазақстан Президентінің Түркияға ресми сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына ресми сапарының алғашқы күнін ұлт көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне барып, оның рухына тағзым етуден бастады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы бірқатар ресми кездесулер өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ірі бизнес өкілдерімен, атап айтқанда, YDA Holding компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Мәселен, түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны іске асырып жатыр.
Сондай-ақ компания Астанадағы YDA Industrial Park өндірістік кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Ақтау қаласында мультимодальді транзит хабын құру бастамасы ұсынылды.
Президент YDA Holding-тің Қазақстанға стратегиялық қызығушылық танытып отырғанын және елде жүзеге асырып жатқан инвестициялық бастамаларын жоғары бағалады.

Одан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады.
Кездесуде логистика саласындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестік перспективалары талқыланды. Президент Қазақстанды Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналдыру үшін Орта дәліз бағытында жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев S Sistem Lojistik компаниясының Ақтөбе халықаралық әуежайында «Қазпоштамен» бірлесіп логистика орталығын салу бастамасына қолдау білдірді.

Хусейн Барлин жоба барысымен таныстырып, алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтау қалаларында да логистика инфрақұрылымын кеңейту жоспары бар екенін айтты. Президент логистика инфрақұрылымын кешенді дамыту транзит уақытын қысқартуға және экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы жаңа бастама еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталғанын айтады.

«Бүгін Анкарада Мемлекет басшысының ресми сапары барысында S Sistem Lojistik компаниясы өкілдерімен кездесу болды. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды. Осы бағытта «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымы «Қазпошта» S Sistem Lojistik түрік компаниясымен біріккен кәсіпорын құрмақ. Бұл кәсіпорын Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталық құрады. Аталған логистикалық хаб келесі жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады. Бұл жоба Қазақстанның логистикалық транзиттік әлеуеттін арттырып, түрік бизнесімен арадағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді», — дейді «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Айта кетейік, S Sistem Lojistik – Түркияның логистика секторындағы жетекші компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта ол жалпы көлемі 100 мың шаршы метрден асатын қойма желісін басқарады.

Келесі кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Holding атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлымен жүздесті.

Онда агроөнеркәсіп саласындағы ұзақмерзімді серіктестікті дамыту, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Президент компанияның Астана қаласында бидай мен бұршақты терең өңдейтін зауыт салу жөніндегі шешіміне қолдау білдірді.
Сүлеймен Тирьякиоғлы бұл жоба қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жергілікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау логистикасын жетілдіру, қойма инфрақұрылымын цифрландыру және элеваторларды жаңғырту мәселелерін талқылады. Ал ауыл шаруашылығы министрі сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді.

«Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып келеді. Тауар айналымы 300 млн долларды құрайды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. Өйткені әлі резевріміз бар. Айта кету керек, 2018 жылдан бері 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Соның 18-і іске қосылды. 5-і қазір жұмыс істеліп жатыр. Біреуі бойынша бүгін Tiryaki Holding компаниясының өкілімен кездесу өткіздік. Білесіздер, бізде бидай көп шығарылады. Сондықтан оны экспорттау үшін Астанада терең өңдеуі зауытын ашпақшымыз. Соған 160 млрд теңге инвестиция тартылады. Бірінші кезеңі – 110 млрд теңге. Екінші кезеңі – 50 млрд теңге. Бұл жоба өте маңызды. Бізде Солтүстік Қазақстан облысында бір-ақ зауыт бар. Бұл екінші зауыт болады. Басқа облыстарда да осындай жоба жалғасады», — дейді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар, ел Президенті Orzax Group компаниясының басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады.
Тараптар жүздесу барысында биологиялық белсенді қоспалар өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы компанияның Түркістан облысында зауыт салу шешіміне қолдау білдіріп, бұл бастама фармацевтика саласын әртараптандыруға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Селман Алимоғлы компанияның Қазақстанда өндірістік базаны ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және инновациялық бағыттарды да дамытуды көздеп отырғанын жеткізді. Orzax Group бүгінде биологиялық белсенді қоспалардың 150 түрін өндіріп, өнімдерін 60-тан астам елге экспорттайды. Қазақстандағы жобаның жалпы инвестиция көлемі – 40 миллион доллар. Компания 500 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Айта келейік, мемлекет басшысын салтанытты қарсы алу Анкарадағы Президент сарайында өтті. Сарай аумағына жеткенде Қазақстан Президентін Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған өзі қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, құрмет белгісі ретінде зеңбіректен 21 рет оқ атылды. Кейін мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, ресми делегация мүшелерімен танысты.

Келіссөз Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоған ресми сапар Түркия

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.