Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ – Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аршалы ауданы прокуратурасы Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен, қамауда жазасын өтеуші адаммен өткізілген құпия әңгіме барысында атыс қаруы жасырылған орын туралы ақпарат алған.
— Аталған ақпаратты тексеру барысында Астана–Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ), — делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды.
