АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
АҚШ тарапы соққыларды уақытша тоқтатуға әзір екенін жеткізді. Алайда негізгі талап – Ормуз бұғазы толық әрі қауіпсіз түрде ашылуы.
Иранның Сыртқы істер министрі алдағы екі апта ішінде бұғаз арқылы кемелердің қауіпсіз қозғалысы елдің қарулы күштерімен бірлесе қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
Бұл бастама Пәкістан Премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін көтерілді. Ол АҚШ президентінен келіссөз мерзімін ұзартуды сұрап, Иранды бұғазды толық ашуға шақырған.
Алдын ала ақпарат бойынша, келіссөздердің алғашқы кезеңі жұма күні Исламабадта өтеді. Сарапшылар бұл қадам аймақтағы әскери шиеленісті төмендетіп, жаһандық энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты азайтуға ықпал етуі мүмкін екенін айтуда.
Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды бағыттардың бірі саналады. Әлемдегі мұнай жеткізілімінің шамамен бестен бірі осы аймақ арқылы өтетіндіктен, оның ашылуы халықаралық нарыққа тікелей әсер етеді.
Пайдалы сілтемелер