Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — АҚШ Венесуэламен байланысты Marinera мұнай танкерін басып алды. Ол Атлант мұхиты арқылы ұзақ қудалаудан кейін атауын өзгертіп, Ресей туын көтерген. Ресей АҚШ-тың бұл әрекетін теңіз нормаларын бұзу деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұрын Bella 1 деп аталған танкер америкалық соттың ордерімен ұсталған. Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға іліккен кемелерге қарсы қабылдаған шараларының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылды.
– Басып алу АҚШ президентінің америкалық санкцияға ұшыраған, Батыс жартышардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіретін кемелерге қарсы бағытталған өкімі аясында жүргізілді, – деп хабарлады АҚШ Қорғаныс министрлігі.
Сондай-ақ Оңтүстік қолбасшылық Кариб теңізінде санкцияға іліккен тағы бір танкердің басып алынғанын мәлімдеді. Нақтыланған мәліметке сәйкес, Sophia кемесінің азаматтығы болмаған.
