Шымкент. 13 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Ақтөбеде шомылуға тыйым салынған аумақта екі бала суға кетіп, қайтыс болды, деп хабарлайды «Диапазон».
Қайғылы жағдай, 10 тамыз күні Ақтөбе су қоймасында, Ясный-2 тұрғын алабына жақын маңда болған. Сол жерде 5 және 3 жастағы екі бүлдіршін суға шомылып жүрген кезінде көзден таса болған.
Жақын маңда жүрген ересектер бірден құтқарушыларды шақырғанымен, өкінішке қарай, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Құтқарушылар олардың денелерін жағалаудан 3 метр тереңдіктен тапты.
Айта кетейік, аталған аумақта шомылуға ресми түрде тыйым салынған.
Аталған факт бойынша тиісті органдар, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
