Ақтөбе облысында үйі тасқын судың астында қалған көп балалы ана әкімдіктен көмек сұрады. Айтуынша, ол қазір төрт баласымен көрінгеннің есігін паналап жүр. Су басқан тұрғындарға әкімдік уақытша баспана да, ыстық тамақ та бермеген. Қара суықта үйлері тасқын судың астында қалған халық эвакуцияланғанмен, оларды жергілікті билік қараусыз қалдырған. Жалғызбасты, әрі көп балалы ана енді қайда баратынын білмей, күн сайын бір танысының үйіне қонуға мәжбүр. Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысында қауіп әлі сейілген жоқ.
Трендте
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
- Қазақстан мен Ресей арасында 135 ортақ жоба бар
- 2025 жылы Қызылордада жаңа жылу электр орталығы іске қосылады
- 403 мың адамға АӘК берілді
- Министр: Мектеп асханалары тексеріледі
- Ұлыбритания Ресей әскерінің шығынын 700 000 адам деп бағалауда
- Жаңа жылда Қазақстанда тарихи оқиға орын алады