Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 12 жылға сотталды.
Бүгінде экс-министрдің ісіне қатысты тергеу аяқталып, пікірталас басталды. Прокурор Олжас Хайруллаев сотта сөйлеген сөзінде айыптау тарап Арыстанбек Мұхамедиұлы мен қалған алты айыпталушыға екі бап бойынша бірлескен іс жүргізу аясында жаза сұрап отырғанын жариялады:
Оның айтуынша, «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу мен Астанадағы «Дипломат» қонақ үйін сатып алу кезіндегі заң бұзушылықтар, рейдерлік әрекеттер бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлын кінәлі деп тануды сұрады.
«Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 12 жылға бас бостандығынан айырылады. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады» деді Олжас Хайруллаев.
Фото: Orda.kz