• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Астана қаласында нашақорлыққа қарсы 30 күндік барлау іс-шаралары күшейді

Астана қаласында нашақорлыққа қарсы 30 күндік барлау іс-шаралары күшейді

29 сентября, 2025 Жаңалықтар
Фото: видеодан скриншот

Астана. 29 қыркүйек. BM.KZ — Астана қаласында нашақорлыққа қарсы 30 күндік барлау іс-шаралары күшейтілді. Бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және есірткі қылмысына қарсы күресті жүйелі түрде жүргізуге бағытталған.

Байқоңыр ауданының полиция басқармасы және прокуратура қызметкерлері «Astana jastary» еріктілер ұйымымен бірлесе есірткі тасымалдаушыларды ұстау мақсатында Өндіріс ауданына барлау жұмысын жүргізді. Барлау барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер күдікті тұлғаларды бақылап, жасырын қоймалар мен тасымал жолдарын анықтауға басымдық берді. Иісшіл иттердің көмегімен бірнеше аула мен бос ғимарат тексерілді. Барлық әрекеттер қатаң жоспар бойынша жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Сонымен қатар, тұрғындардан түскен хабарламалар мен шағымдар да назарға алынды.

Полиция қызметкерінің айтуынша, «көпшілік есірткі тұтынатын адам мен есірткі тасымалдаушыны ажырата алмайды. Жер-жерді тіміскілеп, шөптің арасын тырмалап жататындар – нашақорлар. Ал заттарды жеткізіп берушілер бөлек. Барлауда есірткі тасымалдаушыларды бақылауға шықтық. Өндіріс ауданында есірткі тасымалдау бойынша бірнеше оқиға тіркелген».

Қазіргі кезде есірткі тасымалдаушылардың көпшілігі жастарды пайдаланып, «курьер» қызметіне тартатыны анықталды. Олар әлеуметтік желілер арқылы байланысып, жеңіл табыс уәде етеді. Есірткі сатумен айналысатын топтар осылайша жымысқы әрекеттерін жүзеге асыруға тырысады. Бірақ бұл – қылмыс, және мұндай әрекеттердің соңы ауыр жазамен аяқталады. Полиция мен прокуратура қызметкерлері тұрғындарды ақпараттандыруға ерекше мән беріп, жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Оқу орындарында құқықтық тренингтер өткізіліп, нашақорлықтың зияны мен алдын алу жолдары түсіндірілуде.

Фото: видеодан скриншот

Есірткі бизнесі бұрынғыдай ашық жүрмейді. Көбіне жасырын орындарға қалдырып кетіп, кейін тұтынушыларға мекенжайын хабарлайды. Құқық қорғау органдары интернеттегі қауіпті топтарды анықтап, жою жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, тұрғындардың хабарламаларын қабылдайтын сенім телефондары жұмыс істейді, азаматтардың күмәнді әрекеттерді хабарлауы үшін қолайлы жағдай жасалған. Полиция мен еріктілердің бірлескен рейдтері арқылы қаланың әртүрлі аудандарында жасырын қоймалар мен көлік жолдары тексеріліп, есірткі тасымалының жолдары анықталуда.

Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында есірткі қылмысына қарсы айлық жалғасуда. Құқық қорғау органдары бірлескен рейдтер өткізіп, оқу орындарында профилактикалық кездесулер ұйымдастырады, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстарын жүргізуде. Бұл іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған, оларды нашақорлықтың қауіпті салдарынан сақтайды. Ата-аналар мен педагогтар өз тарапынан балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырылады.

Мұндай іс-шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмысына және өзге де қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлерге қарсы бірлесіп күресуге маңызды ықпал етеді. Полиция қызметкерлері мен еріктілердің әріптестігі қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді, ал тұрғындардың белсенділігі осындай күрестің табысты өтуіне тікелей әсер етеді. Барлау жұмыстары тек ұстап-тергеуге ғана емес, сонымен қатар профилактика және түсіндіру жұмыстарына да бағытталған.

Астана қаласының құқық қорғау органдары алдағы уақытта да мұндай барлау іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп, қаланың әр ауданына қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.

астана Байқоңыр ауданы Заң және тәртіп Қауіпсіздік нашақорлық полиция Полиция басқармасы

Оқылып жатыр

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай.…

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.