Астана. 9 қараша. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде LRT вагонының ішінде түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Kazinform.
Ролик авторы пойыздың ішкі безендірілуін көрсетіп, салонның заманауи дизайны мен жайлылығын атап өткен. Экраннан арғы жағындағы дауыс өзі көрген бейнеге түсініктеме беріп, таңданысын жасырмайды.
Кадрлардан орындықтар вагонның қабырғасы бойымен орналасқанын, ортасы кең, еркін өтуге болатынын көруге болады.
Машинистің аймағы желі қолданушыларының ерекше назарын аударды. Бейнежазбада ол жолаушылар бөлімінен бөлінбеген. Бұл көрініс қызу пікірталас тудырды.
Астанада LRT жобасы біртіндеп аяқталуға жақын. Ал қала тұрғындары пойыздың сынақ жүрістерін қазірдің өзінде бақылап отыр.
