Астана. 14 қаңтар. BM.KZ — Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда мешіттерінде қайырымдылық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Мuftyat.kz.
Атап айтсақ, «Жылу сыйла» акциясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Қайырғалиев, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және «Әс-Сәлам», «Ар-Рахман», «Ырыскелді қажы» мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Жомарт жандардың қолдауымен 120 мұқтаж отбасыға жалпы көлемі 63 тонна көмір таратылды. Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қақаған аяз кезінде көрсетілген бұл көмектің аса маңызды екенін атап өтіп, осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

