Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мәдени жоба іске қосылады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ерекше жоба ұсынды – «Хәрри Поттер» әлеміне негізделген саяхат пойызын жөнелтеді.
Пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша жүріп, бағдарлама шамамен екі сағатқа созылады. 60 шақырымдық сапарда жолаушыларды сиқыр әлемінің кейіпкерлері қарсы алып, шоу-бағдарлама ұсынады.
«Бағдарламада балалар мен ересектерді ертегідей саяхат атмосферасына елітетін түрлі интерактивті элементтер қарастырылған», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Саяхат соңында жас жолаушыларға арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.
Алғашқы рейстер 2025 жылдың 5 қазанында және 12 қазанында аттанады.
