Биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген Атырау облысында шегіртке күрт көбеюі мүмкін. Мамандар зиянкестердің азиялық және италиялық түрі 20 мамырдан бастап қаптай бастағанын айтып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарна мәліметінше, осыған байланысты өңірде 86 210 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Оның ішінде Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Индер аудандарындағы 60 мың гектарға жуық таулы-қырлы аймақтар италиялық прусқа қарсы дәрі шашылады. Ал сулы-қамысты 28 мың гектар аумаққа шегірткенің азиялық түріне қарсы химикаттар себілмек. Былтыр бар-жоғы 28 мың гектар жер дәріленсе, биыл зиянкестер ошағы үш есеге көбейген. Атырау облысындағы шегірткемен күреске алматылық және оралдық компаниялар жұмылдырылады. «Жалпы химиялық өңдеу шегіртке көрінген кезде жасалмайды, толқынды шыққан кезін күтіп, екінші-үшінші жас сатысына жеткен кезде бастаймыз. Ол мамыр айының үшінші он күндігі деп есептеп отырмыз. Былтырға қарағанда үш есе көбейіп отыр», — дейді АШМ АӨК МИК Атырау облысы аумақтық инспекция басшысы Абила Қазиева.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды