Астана. 7 қаңтар. BM.KZ — Атырау облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен бүтін бір отбасыға қатысты жаңа дерек айтты. Ерлі-зайыпты өлі күйінде табылған.
Атырау облыстық полиция департаменті бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денесі Қызылқоға ауданынан табылғанын хабарлады. Отбасының қалған екі мүшесі іздестіліріп жатыр.
«Атырау облысының Қызылқоға ауданында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Осы факті бойынша кісі өлтіру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталды», – делінген полиция хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұмбақ жағдайда жоғалған отбасының ісі “адам өлтіру“ бабымен тергеліп жатырғанын хабарлаған едік.
