Автор: asylbek

2024 жылдың басынан Украинаның әскери дрондары Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына 15 рет шабуыл жасады. Украиндықтар бұл шабуылдарды мойындамағанмен қазіргі уақытта Ресейдің мұнай саласына соққы беріп жатқан басқа мемлекеттер жоқ екенін бәрі біледі. Елімізде үш мұнай өңдеу зауыттары болса да Қазақстан әлі күнге дейін мұнай өнімдерінің бірқатар бөлігін Ресейден алатыны жасырын емес. Дрондық шабуылдар Рязань, Төмеңгі Новгород, Калуга, Сызрань және Славянск-на Кубани қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарына жасалды. Бұл туралы Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Орда.кз тілшісіне айтты. Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, «Бұл соққылар Ресейден елімізге келетін мұнай өнімдеріне ешқандай да әсер етпейді.  Біз Ресейден 10% көлемінде ғана  мұнай өнімдерін…

Толығырақ

«Ауылдардың экономикасын қарқынды дамыту үшін ауыл бюджетінің кірістер бөлігін ұлғайту қажет. Осы мақсатта бюджеттің IV деңгейіндегі кірістерін 2,5 есе арттырып, 167 млрд теңгеге жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарлануда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығының 50%-ы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, пайдаланғаны үшін төлемақы және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем», — деді алдағы жоспарлар туралы баяндаған Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Толығырақ

«Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында 1,4 мың жоба іске асырылады Н. Байбазаров: «Ауылдық жерлерде инфрақұрылым мәселелерін шешудің басты құралдарының бірі – «Ауыл – ел Бесігі» бағдарламасын іске асыру. 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен жалпы бағдарлама бойынша 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда».

Толығырақ

KAZINFORM – «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» аясында 100 ден астам іс шара өтеді. Бүгін «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» атауымен туристік жаңа маусым ашылды. «Керуен сарай» кешенінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, түркістандықтар мен қонақтарды Наурыз мерекесімен және осынау айтулы сәтпен құттықтады. «Біз туризм саласын дамытуды Түркістанның негізгі бағыттарының біріне айналдырамыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы туризм саласын елдің экономикалық өсу драйверлерінің біріне айналдыру жөнінде нақты міндет қойды. Бұл ретте Түркістан облысының туризм саласындағы әлеуеті өте жоғары. Өткен жылы Түркістан облысына келген шетелдік туристер саны 15 мыңға жетті. Ал, бір күндік келушілер саны 1…

Толығырақ

KAZINFORM – 19 наурыз – Наурызнаманың Жаңару күні. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын жаңару символдарының бірі десек, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы елдегі байлықты әділетті үлестірудің бір тетігі ретінде қолға алынған. Бүгінгі материал осы жобаның қай сатыда іске асып жатқанына арналады. 2019 жылдың 19 наурызы тәуелсіз Қазақстан тарихында Президент ауысқан дата ретінде қалды. Қазір ресми мінберлер мен БАҚ-та жиі аталатын «Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан, «Еститін мемлекет» сияқты бастамаларға сол 2019 жылдың 19 наурызында жол ашылған еді. Тұрмыстың барлық деңгейінде әділет орнатудың маңызды екенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол кезден бері үнемі айтып келеді. Әділетпен байланысты уәделерді орындаудың тетігі ретінде түрлі бағдарламалар, жобалар қолға…

Толығырақ

Тергеу нәтижесінде 2024 жылдың ақпан айында Шапағат Әубәкір қала әкімі бола тұра Сәтбаев қаласындағы жолдарды күтіп ұстау жұмысын жүргізетін жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оны кеңейтуге жәрдемі үшін 10 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Толығырақ

Алматыда автотұрақта тұрған көліктен 17 мың доллар ұрланған Қаскөйлер Lexus автокөлігінің иесінің жоқтығын пайдаланып, есік құлпын сканер арқылы ашып, сол жерден ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен. «Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылып, арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар Алматы облысының әртүрлі ауылының тұрғындары. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізіліп, қылмыстық іс материалдарына заттай айғақтар қосылды. Сонымен қатар қылмыс болған жермен шектесетін аумақтардың бейнебақылау жүйелеріне жан-жақты талдау жүргізілді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Толығырақ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түрлі құқықбұзушылық жасаған айыптылардың қоғам алдында кешірім сұрау тәжірибесі енді қолданылмайтынын айтты. «Біз жалпы ақпараттық кеңістікті талдап жатырмыз. Оның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының, халықтың пікірін зерттейміз. Қазір айыптылар жауапқа тартылса да, полиция оларды күштеп кешірім сұрататындай көрінеді. Жоқ, олар өз еркімен кешірім сұрайды. Жағдайды жеңілдету үшін видеоға түсірілген, бірақ бұл керісінше әсер берді. Халық кешірім сұраған айыптылар жазадан сытылып кетеді деп ойлайды», — деді Шыңғыс Әлекешев.

Толығырақ

«Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтіңалдында тұрған басты міндет». дейді,  ҚР Су ресурстары және ирригацияминистрлігінің баспасөз қызметі.Министрліктің ресми мәліметіне сүйенсек,» 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 96,6%-ы, қалатұрғындарының 98,9%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасызетілді. Министрлік 2024 жылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған ауылхалқының үлесін 97,8%-ға жеткізуге ниетті. Ал, 2025 жылдың соңына қарай қазақстандықтарды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз» дейді.

Толығырақ

— Қазіргі таңда барлық су қоймаларына су жиналып жатыр, тасқын суынқабылдау үшін бос орын жеткілікті.- Жағдайды бақылауда ұстау үшін министрлік күнделікті кезекшілікұйымдастырды.- Тасқын суын қауіпсіз қабылдау үшін негізгі су қоймаларында бос орындардайындалды. Мәселен, Қазақстанның солтүстігіндегі 12 ірі су қоймасы 41%-ға бос. Оңтүстіктегі 16 ірі су қоймасы орта есеппен тағы 42% су қабылдайалады. Батыста 7 ірі су қоймасында 23% бос орын бар. Елдің шығысындағы 3ірі су қоймасы тағы 40% су қабылдай алады. Қазақстанның орталықбөлігіндегі 9 ірі су қоймасы 39%-ға бос.- «Қазгидромет» болжамына байланысты министрлік су қоймаларыныңжұмыс тәртібін түзетеді және елдің барлық су қоймалары бойынша тасқынсуын қабылдау көрсеткішіне мониторинг жүргізеді. Судың келу…

Толығырақ