Автор: asylbek

Алматыда 7 жастағы өгей қызын өлтірген қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек 20 жылға бас бостандығынан айырылды Үкімді Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқыды. Сотталушының қылмыстық әрекеттері куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен дәлелденді. Өзі тағылған айыпты ішінара мойындады.

Толығырақ

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жалпы жиналған қаржы сомасы – 6 миллиард теңге. Оның 33%-нің (2 миллиард) алаяқтық белгілері бар. Қаржылық мониторинг агенттігі басшысы Дмитрий Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық және көмек көрсету мақсатында қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті. «Қаскөйлер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, жалған мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», — деді Малахов.

Толығырақ

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті, — делінген хабарда.

Толығырақ

Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны өзгертуді ұсынып, «Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады» деді. Желіде бұл ұсынысты жақтағандар да, даттағандар да болды. Жақтағандар «Елтаңбадағы жұлдыз кеңес одағының қалдығы» деп жазды. Осы сынға елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібеков «Қазақтың өз жұлдыздары болған» деп жауап берді. Совет өкіметінен бұрын да қазақтың өз жұлдыздары болған. Мысалы, Темірқазық бар. Қазақ халқының түсінігі бойынша әрбір адамның өз жұлдызы бар. Өзбекстан туында мысалы 12 жұлдыз бар. АҚШ туында 50-ден астам жұлдыз бар. Шын мәнінде сараптама керек. Бәрін талқылау керек, — деді ол «Азаттық» радиосына берген пікірінде.

Толығырақ

15.02.2024 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.11.2023 жылғы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды. Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алматы қаласының прокуратурасы

Толығырақ

Краснодар өлкесі, 2024 жылғы 15 наурыз – Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Краснодар өлкесіне жұмыс сапарымен барды. Өңір губернаторы Вениамин Кондратьевпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды. Қазақстан мен Кубань арасында бұрыннан келе жатқан сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар бар. Өткен жылы өзара тауар айналымы 270 млн АҚШ долларын құрады. Кубань кәсіпорындары Қазақстанға тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді. Өз кезегінде қазақстандық дихандар Кубань селекциясындағы бидай мен жүгері сорттарын өсіріп, Краснодар өндірушілерінің комбайн, трактор, құрамдас бөліктер, азық-түлік жабдықтары, қаптамалар шығаратын өнімдеріне қызығушылық танытуда. Д. Абаев жергілікті туристік-сауықтыру кешенінің дамуын жоғары бағалап, тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты. Аталған тақырып Еуразияның тау курорттарының алғашқы фестивалінде…

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес барысында жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2,3 трлн теңгені игеру және 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты…

Толығырақ

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі жобаларды басқару әдіснамасының әлеуеті туралы айтып берді Америкалық сарапшылардың пікірінше, жобаны басқару механизмі жобаны іске асыруда өте тиімді және шығындарды 10-15%-ға азайтады. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. «Әлемде жобалық менеджментті пайдалану тәжірибесі өте үлкен және барлық ірі компанияларда қолданылады. Мысалы, Жапонияда барлық құрылыс объектілері, жобаларды басқару технологиялары арқылы бағаланады және жүзеге асырылады. Бізде қазіргі жобаны басқару механизмі жұмыс істемейді. Іс жүзінде барлық жобалық шешімдер қабылданып, сараптама жүргізілген кезде ғана қолданылады», — деді спикер ОКҚ алаңында. Т.Қарағойшин екі ұсынысты Құрылыс кодексіне дейін қабылдау жоспарланғанын атап өтті. Тиісті…

Толығырақ

KAZINFORM – Әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек жасау мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медицина саласын талқылауға арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты. Ведомство басшысының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек жасау мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді. Бұл тұрғыда А. Әлназарова осыған дейін диагнозды анықтау бойынша, яғни клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмекті емін-еркін алуға қатысты халықтан көптеген шағым болғанын айтты. Сондықтан әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққа адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін…

Толығырақ

17 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданында тау-кен байыту кешенінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 наурызда Алтай қаласында тау-кен байыту кешенінің территориясында жеке орналасқан екіқабатты цехтың шатыры өртенді. «Оқиға орнында ШҚО ТЖД жеке құрамының 18 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды, қызыл жалын жалмаған ауданның алдын-ала көлемі 260 шаршы метрді құрайды, – делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Толығырақ