Автор: asylbek

Димаштың саунд-продюсері қазақы поп-әлемінің эталонын атады Дастан Оразбеков пен Гүлнәр Силбаева жұбы Qazaqstan ұлттық арнасындағы «Егіз лебіз» музыкалық жобасында 2019 жылдың үздік әні, бірнеше номинацияларға ие болған «Shallow» әнін орындаған еді. Бір кездегі Леди Гага мен Брэдди Купердің орындауымен танымал болған әнді қазақстандық орындаушылар да сәтті жеткізе білді. Жобаға қазылық еткен Димаш әндерінің тұрақты өңдеушісі, саунд-продюсер Ерлан Бекшурин қызды-қыздымен жұлдызды дуэтті мақтап жіберді. «Қазақы поп-әлемінің эталоны кім десе, Дастан ағамыз деп айтар едім. Себебі, Дастан ағамыздың сахна сыртында жалпы қалай дайындатынын білемін. Ешқашан бір салғырт қарап, дайындықсыз шыққанын көрмеппім. Себебі, бұл кісі нағыз әртіс, орындаушы. Әзіл әлемінің эталоны кім десе,…

Толығырақ

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев соңғы уақытта ұлттық киімге деген сұраныстың арта бастағанын аңғарғанын айтады. Тіпті, Парламент қабырғасындағы әріптестерінің жұмысқа ою-өрнегі бар киімдерді киюге қызығушылығы арта бастаған. «Парламентке алғаш келгенде біреулер «тақияңды шешіп таста, бұл жердің өзіндік этикасы, дресс-коды бар» деген ескерту жасайды ма деп ойлағаным рас. Бірақ антты да тақиямен қабылдап, осы уақытқа дейін басымнан шешкен емеспін»,-дейді ол. Сондай-ақ, «Үй жанындағы дүкенге шапанмен, тақиямен кіріп келсеңіз, өзге ұлттың сатушылары қазақша амандасып жатады. Ал күнделікті киіммен кіріп қалсаң «что искали?» деп автоматты түрде тіл қатады, – дейді депутат.

Толығырақ

«Шаңырақ» күніне орай қаладағы перзентханаларда жаңа туған нәрестелердің аналарына құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков қатысып, жаңа босанған аналарға «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады. «Шымкентте әр 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады. Міне, соның арқасында біздің қаламыз еліміздің дамуына ерекше үлес қосып отыр деп айта аламын»,-дейді Сәрсен Абайұлы.

Толығырақ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері жобалаушы ұйымдар өтініштеріне жауап берді Өтініштегі сұрақтар мен ұсыныстар құрылыс объектілерін іске асырудың қолданыстағы механизміне қатысты, деді вице-министр Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, жобалаушылар Парламент Мәжілісіне енген Кодекс жобасын қолдауда. «Олар жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу, сонымен қатар Кодекс атауына қолдау білдіруде», — деді спикер.

Толығырақ

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды. Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады. Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте т9р5андар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд…

Толығырақ

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 131,5 мың адам қатысты. 110,8 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 35,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Субсидияланатын жұмыс орындарына 75,5 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 6,6 мың адам, жастар практикасымен 3,8 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 55,0 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,2 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 22 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 7,9 мың адам жұмыспен қамтылды. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 12,6 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 11,2 мыңы оқуды аяқтады.…

Толығырақ

«Путин 87,68% дауыспен жеңді»: Ресейдегі сайлаудың алғашқы қорытындысы шықты Ресейде президент сайлау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы алдын-ала мәлімет бойынша, президент Владимир Путин 87%-дан астам дауыспен жеңіске жеткенін хабарлады. Эксзит-полдардың бәрі де оның жеңісін шегелеп жатыр. 2018 жылы сайлауда сайлаушылардың 67,54% дауыс берген. Бұл жолы ресми билік дауыс берушілердің 74,22% сайлауға келгенін хабарлады. Украинаның оккупацияланған облыстарында да Ресей билігі дауыс беруді ұйымдастырды. Батыс елдері оны бірнеше рет Украина егемендігін бұзу деп атады. Ресей армиясы алып жатқан Запорожье территорияларының, сондай-ақ Херсон, Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары сайлауға қатысуға мәжбүр болды. Оларға қарулы әскерилердің сүйемелдеуімен комиссия мүшелері келген.

Толығырақ

«Алтын Орда» базары қазір қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр. Базар кәсіпкерлері бұрынғы басшылықпен, атап айтқанда Данияр Әлпиевпен белсенді түрде қақтығыса бастады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Тіпті, мәселе мемлекетаралық деңгейге жетті. Қырғызстан өкілдері Қазақстандағы қырғыз кәсіпкерлеріне қысым жасалып жатқанын алға тартты. Шынымен де, Әлпиевтің “командасында” Қырғызстан азаматтары жұмыс істеді. Бүгінгі нарық басшылығы жағдайды реттеуге тырысып, қысқа уақыт ішінде ашуланған саудагерлермен ортақ тіл таба алды. Ең ірі қазақстандық базардың жоспарлары орасан зор. Тіпті ел Президентінің назары оның тағдырына байланысты. Мұнда жаңғырту және құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Біздің деректі материалда бұл жұмыстардың шын мәнінде қалай жүріп жатқанын баяндаймыз. http://ulysmedia.kz/

Толығырақ

Егеменді ел бола тұғырымызды көк аспанға мақтанарлық күймен көтеріп, жаһан сахнасында “ҚАЗАҚ” деген атымызды ұрандата һәм ғылым менен рухани салалардың барынша дамып, адамзат баласының болашағының жарқын түрде көркеюіне септігімізді тигізе өзіміздің кірпішімізді қалап кетуге мүмкіншілік берген қилы да сұм заманның қиын-қыспағына қарамастан халық иглігі үшін жандарын берген рухы мығым бабаларымыз арқылы еді. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі” деген еді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы һәм халықтың ертеңгі болашағы тілінің сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа бере алуымен өлшенбек. Қазіргі уақытта билік пенен көш жүрісі өз қолымызда болғандықтан қылышыннан қан тамған, бейкүнә халықты боздатып жылатқан сұм кеңес үкіметінің теріс пиғылды саясатыннан арылып,…

Толығырақ

Ел болашағы- тіл болмақ ! “Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек” деп Алаш туын сұрқия да сұм заманның кезінде желбірете білген һәм болашақтың қамы үшін жанын қимай берген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айқтанды. Заманға сай деу қазіргі заман да түсінігі тек сырт келбетке әбден теңеліп біткен тұрпайы сөз десем артық айтпаспым, себебі заманға сай деп кейбір жандар бөгде халықтың тұрмыс тіршілігінің бар хәл жағдайын алуымен қатар ана жатарында жатқан шағында өзіне ең жақын болған ана тілінен ұялып, санасынан сырып, жалпы “қазақ” деген заты менен атыннан ар-ұждан…

Толығырақ