Автор: asylbek

Қарағандыны газдандыру 2030 жылы аяқталуы мүмкін  Қарағандыны газдандыру шаралары 2019 жылы басталған болатын. Қаланы көгілдір отынмен қамту жобасы төрт кезеңді құрайды. Барлығы 16 іске қосу кешенін салу жоспарланған. Орталықтандырылған газдандыруды мемлекет тарапынан қаржыландыру уақытылы болса, жоба 2030 жылы толығымен іске асырылуы мүмкін.  Қазіргі уақытта қала бойынша Михайловка, Федоровка, Жаңа қала ықшам аудандарының 7018 тұрғын үйінің табиғи газға қосылуға мүмкіндігі бар. Табиғи газ осы үйлердің дәл іргесінен өтіп тұр. Бүгінгі таңда қала бойынша 2319 абонент табиғи газға қосылған. Бұл газдандырудың 33 пайызын құрайды. Барлығы 243 шақырым газ құбыры қолданысқа енгізілген.  Биылғы жылы төртінші, бесінші және алтыншы іске қосу кешендері жұмыс істей…

Толығырақ

Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі Елдің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды. «ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады. Кездесу барысында бүгінде алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді», — делінген хабарламада. ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын айтты.

Толығырақ

Еуропарламент әлемде бірінші болып жасанды интеллект туралы заңды қабылдады Бұл жөнінде Еуропарламент сайтында жазылған. Жаңа заң аясында қоғамдық орындарда адамдардың бет-жүзін танитын жүйелерді пайдалануға тыйым салады. Заң жұмыс орындары мен мектептерде адамдардың эмоциясы тануға, адамның жүріс-тұрысына манипуляция жасайтын технологияны пайдалануға тыйым салады. Заң күшіне енгенде жасанды интеллект жүйесінің көмегімен өңделген суреттер немесе видеоларға тиісті маркировка беріледі. Заңды Еуропа кеңесі мақұлдауға тиіс. Құжат мамырдың соңында күшіне енеді.

Толығырақ

ХҚҚО 59 қызметкері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді  Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады.  Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады. Сондықтан кейбір жосықсыз азамат елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады.  Анықталған деректерге сәйкес 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген. Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы…

Толығырақ

ЕЛОРДАМЫЗДА БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ АЯҚТАЛДЫ Астанада грек-рим күресінен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. 3 күнге жалғасқан айтулы жарыста 10 салмақта жеңімпаздар белгілі болды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді. Ресей спортшылары 4 алтынмен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан екінші орын алды. Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері: 60 келі Оңдасын Хамитов Кубануч Аринов Құттыбек Абдуразаков Алмаз Мазитов (AIN) 67 келі Фараим Мустафаев Бағдат Сабаз Тавакгул Хазиев Грейр Оганесян (AIN) 77 келі Давуд Маммадов Гамзат Гаджиев (AIN) Магомед Иарбилов (AIN) Канан Абдуллазаде 87 келі Мансур Саитов (AIN) Али Темлан Гулиев Бағдат Қуаныш Жожу Самадов 130 келі…

Толығырақ

Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс іске қосылуына орай қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билігімен кездесу өткізді.  Куала-Лумпурда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Малайзияның Азаматтық авиация басқармасының (СААМ) бас директоры Норазман Бин Махмудпен, сондай-ақ Air Asia X және Malaysia Airlines әуе компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.  Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің өкілдері қатысты.  Келіссөздер барысында қазақстандық тарап Air Asia және Malaysia Airlines малайзиялық әуе компанияларының Қазақстан қалаларына ұшу географиясын кеңейту, оның ішінде  «ашық аспан» 5-ші дәрежесін қолдану мүмкіндігін  кеңейту мәселесі бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.  Сонымен қатар, қазақстандық делегация Malaysia Airport…

Толығырақ

 KAZINFORM – АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы қытайлық TikTok мобильді қосымшасына бүкіл ел бойынша тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Құжатты 352 конгрессмен қолдаса, 65-і қарсы шыққан. Заң жобасына сәйкес, интернет-платформаның иесі ByteDance алты ай ішінде TikTok-ты сатуы керек. Әйтпесе, әлеуметтік желі барлық қолданбалар дүкендерінен жойылады. Заң шығарушылар TikTok АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп алаңдап отыр. Себебі, қосымша Қытай үкіметімен өз пайдаланушыларының құпия деректерін бөліседі. Былтыр наурызда АҚШ конгресінде TikTok әлеуметтік желісі басшысының қатысуымен жиын өтіп, демократтар мен республикалықтар бұл әлеуметтік желінің қауіпсіздігіне күмән келтіретін айтты. Заң шығару органдарының өкілдері Бейжіңдегі ByteDance компаниясы TikTok әлеуметтік желісін пайдаланушылардың жеке деректерін Қытай билігіне…

Толығырақ

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2023 жылы бөлінген қаражат есебінен жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 5 658 микрокредит берілді. «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ға қазақстандықтардан жеңілдетілген микрокредиттер алуға барлығы 7,7 мың өтінім түсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жергілікті атқарушы органдарға микрокредиттерді беруге қаражат 2023 жылғы ақпан-наурыз айларында бөлінгенін атап өтеміз, осыған орай бюджет қаражаттарын игеру 2024 жылғы ақпан-наурызға дейін жүзеге асырылды. Келесі өңірлерде микрокредиттердің ең көп саны берілді: Түркістан (625), Қызылорда (492), Жамбыл (483) облыстарында, Астана (451) қаласында. 26,4 млрд теңге сомасына 5 658 микрокредит бизнес жобаларды іске асыруға берілді, оның ішінде…

Толығырақ

Алматыда жыл соңына дейін ерекше қажеттілігі бар 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылады Мүгедектігі бар адамдар біліктілігін арттырып, Еңбек ұтқырлығы орталығы мен «Ten Qogam» орталықтары арқылы оқудан өте алады. «2023 жылы Еңбек ұтқырлығы орталығына ерекше қажеттілігі бар 2860 азамат жүгініп, 1965 адам жұмыспен қамтылды. Бұл ретте 244 адам тұрақты жұмыс орнына, 502 адам әлеуметтік жұмысқа, 661 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға жіберілді», — деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.  2024 жылдың соңына дейін кем дегенде 2,2 мың мүгедек адамды жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Басты мақсат — азаматтардың өзін-өзі ынталандыру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту. Жұмыс берушілерге жалақының кемінде…

Толығырақ