Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабаралйды ведомствоның баспасөз қызметі. Кеңес шеңберінде сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсартудың өзекті мәселелері талқыланды. Министрлік соңғы 3 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласындағы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен белсенді ынтымақтастықта болды және орфандық, онкологиялық, онкогематологиялық аурулары бар азаматтарды қымбат дәрілік заттармен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті, балалар нейрохирургиялық қызметін, трансплантаттауды, инфрақұрылымды және оңалту орталықтарын дамыту және т. б. бойынша 12 жоба мен бағдарламаны бірлесіп іске асыруда. Денсаулық сақтау…
Автор: asylbek
Әкімдіктер жыл сайын халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын бекітеді, оларда ұлттық жобаларды, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасын іске асыру, халықтың еңбек мобильділігі, субсидияланатын жұмыс орындары мен жұмыс берушілер ұсынатын вакансиялар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша нақты шаралар көзделген. Биыл 943 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде 69 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру қарастырылған, оның ішінде, субсидияланатын жұмыс орындарына (оның ішінде 9 мың грант беру) – 193,8 мың, бос жұмыс орындарына – 318,1 мың, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде…
Микроқаржы ұйымының 2 миллион қазақстандық клиентінің жеке деректері тарап кеткен Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары клиенттерінің 36 миллионнан астам деректері анықталды. Мемлекеттік кеден қызметінің хабарлауынша, клиенттердің жеке басын анықтаған кезде оларға EgovMobile мобильді қосымшасында тиісті хабарламалар жіберілген. Енді деректер базасының операторлары жоспардан тыс тексерістен өтпек. Құқықбұзушылықтың құрамы анықталған жағдайда 100-ден 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.
Жер сілкінісіне байланысты Алматыдан басқа қалаларға қоныс аударғысы келетіндер көбейген Жер сілкінісіне байланысты Алматыдан мүлдем қоныс аударғысы келетіндер де бар. Ондайлардың көбі Астана қаласына жалдамалы пәтерлерге көшкен. «Қаңтар айынан бері Астанадағы жалға берілетін пәтерлерді көбіне алматылық тұрғындар сұрайды. Біразы көшіп келді. Осы екі күннің ішінде «мегаполистен қоныс аудармақшымыз, тез арада пәтер керек» деген біршама адам хабарласты. Құны жағынан да сәл қымбаттады”, – дейді риелтор Назгүл Мәлікжан.
Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы жер сілкінісіне дайын емес – Жапон ғалымы Бұл туралы Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков мәлімдеді. «Қазақстанда докторлық диссертация қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын және қаладағы көптеген ғимараттар сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын еместігін айтты. Әсіресе, Алматыдағы ескі телемұнаранының жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізді. Жапондар Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне бізден көбірек алаңдайды», – дейді Жүсіпбеков.
Женева, 2024 жылғы 5 наурыз – БҰҰ Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеттің 30-шы сессиясы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Назгүл Сағындықова бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында бекітілген міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар туралы өзінің алғашқы баяндамасын ұсынды. Құжатты ұсына отырып, қазақстандық делегация басшысы Комитет мүшелерін мүгедектігі бар адамдарды интеграциялау жөніндегі БҰҰ стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу, Конвенция мен оның Факультативтік хаттамасы бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі еліміздің нақты қадамдары туралы, сондай-ақ «әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам» атты үш қағидатқа негізделе жүргізіліп жатқан стратегиямыз бен саясатымыз жөнінде хабарлады. Н. Сағындықова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инклюзивті қоғам…
KAZINFORM – Әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына депутаттық сауал жолдаған Ерлан Саиров айтты. «Экономиканы дамытудың басты қайнар көзі — адам. Ал сол адамды дүниеге әкелетін біздің нәзік жанды әйелдер. Мемлекеттің басты құндылығы адамды дүниеге әкелетін әйел жандар жөнінде мемлекеттік қамқорлық жасап, олардың жан дүниесін аялап, денсаулығына мән беру басты міндет! Әйел жаны босанғаннан кейін денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қарастырылған? Елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері 1-3 балаға 140 мың теңге, төрт, одан көп балаға 232 мың теңгені құрайды. Бірақ, шынына келсек, бұл әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома», — деді депутат.…
Өтемұратовтардың кішісі бес жылға сотталды Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер тізімінде үшінші орында тұрған Болат Өтемұратовтың туыс інісіне қатысты іс өткен жылдың қараша айында басталған еді. Сот алқасы 2 ақпанда Данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат Жоғарғы соттың сайтында сот кеңсесінде жарияланды. Прокурордың апелляциялық шағымы негізінде іс қаралып, жазаны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, яғни қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуге ауыстырылды. Данияр Өтемұратов сот залында қамауға алынды. 2023 жылғы 13 қарашадан 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда ұстау уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептеледі, қылмыстық-атқару мекемелерінде ұстаудың бір күні жазаны өтеудің 1,5 күніне пара-пар.
Сенаторлар: Дербес кассациялық инстанция құрылса азаматтардың сотқа деген сенімі арта Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кассациялық соттар құру мәселесі туралы отырыс өткізді. Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында қазақстандық бизнесмендермен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығын атап өткенін еске салды. «Бүгінде қылмыстық және азаматтық істердің тек 5%-ы кассацияға түседі және бұл азаматтардың сұранысына сай келмейді. Осыған байланысты заңгерлер және кәсіпкерлер қауымдастығымен дербес кассациялық инстанция құру мәселесі бойынша ақылдастық тұрғысында кеңесу қажеттігі туындады. Парламент депутаттарын еліміз Президентінің заңдылық пен құқықтық тәртіпке…
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылмақ Бүгінгі таңда Yntymaq тіркелмеген, бірақ ведомствоға оны құру ниеті туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат порталға расталды Zakon.kz Жаңа Yntymaq партиясының бастамашыларының бірі 2022 жылғы қазанда ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкен болып табылады.