Автор: asylbek

Жалға алушылар болашақ мүлкі үшін ай сайын банк шотына ақша салып тұруға міндетті болады. Жастар үшін жалға берілетін баспана алу ережелері өзгеруі мүмкін. Бұл бағдарлама еліміздің Алматы, Астана, Шымкент сияқты ірі қалаларында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Информбюро-ға сілтеме жасап. Түзетулерге сәйкес, жалға алушылар болашақ мүлкі үшін ай сайын банк шотына ақша салып тұруға міндетті болады. Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына жылдық жинақтау шегі мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұғымдарын енгізу жоспарланып жатыр. Жалдамалы пәтерде тұратын жастар жыл сайын жинақ шотына 627 640 теңге салуы керек. Бұл үш жыл ішінде ипотеканың бастапқы жарнасын…

Толығырақ

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесу үшін 20 млрд теңге аударады. Бөлінген қаражат Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарына тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, тұрғын үй сатып алуға және салуға жұмсалады. Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі Директордар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким: «Бүкіл елімізбен бірге баспанасыз қалған адамдарға жанашырлық танытамыз. Мыңдаған отбасы көшірілді, олардың өз үйлеріне қашан оралатыны белгісіз. Кейбір елді мекендерде су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Бұл қасірет ешкімді бей-жай қалдырмайды. Мемлекет, бизнес, азаматтарымыз зардап шеккен аймақтардағы адамдардың өмірі тезірек жақсаруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Біз өз тарапымыздан Мемлекет басшысының зардап…

Толығырақ

Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері ең көп сыбайлас жемқорлық Астанада, Абай облысында және Шымкентте тіркелген, сәйкесінше 45, 26 және 25 оқиға. Мұндай әрекеттердің ең азы Шығыс Қазақстан (5 жағдай), Маңғыстау (6 жағдай) және Қызылорда облыстарында (6 жағдай) тіркелген. Жалпы, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 404 адам анықталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,4%-ға аз. Оның ішінде 230 айыпталушы сотқа тартылды. Сотқа тартылған лауазымды тұлғалардың ішінде әкімдік өкілдері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері болды. Сонымен қатар бірінші тоқсанда сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша прокуратураның бір қызметкері, бір судья және бір әкім ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Жемқорлық жасағандардың үштен бірі…

Толығырақ

Кейде, көкірегіңе талайдан жиналған ойлар мен пікірлер адамның мазасын алып, еріксіз шығаруға тура келеді екен. Сондай бір қордаланған ойларды жоғарыдағылар біле жүрсін деп, қағазға түсірген едік.  Еліміздің қадірменді билігі, мемлекеттік басқару орындарына, қорғаныс саласына, сонымен қатар, қаржы жүйесіне (банктерге иелік ету), өзге ұлттарды жолатпаса екен дейміз. Неге десеңіз, бұл үш тармақ мемлекетіміздің қауыпсіздігі мен ел болашағының тұрақты және мәңгілік болуы үшін аса қажетті нәрсе және Ұлттық мемлекет болу үшін де, осы үш тармақты иелігімізден шығармай ұстаумыз керек-ақ. Біздің ел, Америка Құрама Штаттары немесе Канада секілді мигранттардың мемлекеті емес. Тіпті, Ресей секілді Федеративтік мемлекет те емеспіз. Қазақстанның негізін салған, қазақ халқы…

Толығырақ

Елімізде көптеген зиялы қауым өкілдері «Ұрпақ тәрбиесі ұлттық өзектен ажырап бара жатыр» деп дабыл қағуда. Оның да жөні бар, себебі, ұлттық негізден ажыраған ел болашақта өзінің Ұлттық мемлекетін құра алмайды. «Ұлтсызданған ұлт» құратын мемлекет өзінің формасы мен мазмұны жағынан сырттан төнетін экономикалық, әлеуметтік және мәдени экспанисияға төзеп бере алмай, өзі де өзіне жат форманы қабылдайтын болады. Ұлт осылайша өзге мәдениетке «жұтылып»,  өзінің тәуелсіздігінен ажырайды. Соның бір мысалын Toppress.kz ақпараттық сайты жариялады. Сайттың жазуынша, еліміз тасқын судан зардап шегіп, жүз он мыңнан астам қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатқан кезде, кейбір жастарымыз көмке қолдарын созып, қолынан келгенін беріп жатса – мысалы, Димаш Құдайберген…

Толығырақ

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жолдары бойынша жол белгілерін салуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактісін анықтады. Мәселен, 2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ (бұдан әрі — Орталық) мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында жалпы сомасы 213,3 млн. теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған. Шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Орталықпен көрсетілген сома толығымен төлеген. Шарттың талаптарына сәйкес 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті. Алайда, тексеру барысында Орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке жалпы сомасы 45,5 млн. теңгеге бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды. Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандарды негізінде, ҚК-тің 361-бабының…

Толығырақ

Қазақстанда соңғы үш жылда форум-конференцияны өткізуге бөлінетін қаржының жартысынан көбі конкурссыз берілген, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынынан кейін билік биылға жоспарланған бірқатар халықаралық имидждік іс-шараны өткізуден бас тартты. Атап айтқанда 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумы өтпейтін болды. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биылғы 25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдегі ауқымды су тасқынына байланысты өткізілмейтінін және 2025 жылға ауыстырылатынын хабарлады. Бұл биліктің имидждік іс-шараларды азайту туралы алғашқы бастамасы емес. Мәселен, 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке негізсіз имидждік және консалтингтік шығындарды азайтуды тапсырып, үкімет аталған тапсырмадан кейін 30 млрд теңге үнемделгенін хабарлаған болатын.…

Толығырақ

Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері Нарын өзенінде «Қамбар ата» су электр станциясын салу туралы келісімге қол қояды. Келісімде су электр станциясы құрылысын жүзеге асыру және оны пайдалану барысында тараптардың әріптестік шарттары анықталады. Құжатқа сәйкес, «жоба аясында тараптар арасында әріптестіктің негізгі принципі «Қамбар-Ата – 1″ су станциясында өндірілетін электр энергиясының барлық көлемін тараптар анықтаған ұйымдардың сатып алуы» болмақ. Тараптар өзара келісе отырып, су электр станциясын басқарады. Жобаны жүзеге асыру үшін Қырғызстан аумағында акционерлік қоғам құрылады. Қырғызстан 34 пайыз, Қазақстан мен Өзбекстан 33 пайыз үлеске ие болады. Компания құрылтайшысын әр тарап өз бетінше анықтайды.…

Толығырақ

Бүгін екі елдің энергетика министрлері Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу бойынша келісімге қол қойды. «ИНТЕР РАО – Экспорт» және «Самұрық-Энерго» АҚ уәкілетті ұйымдар болмақ. «Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО салу өңірлердің дамуына серпін береді», — деп атап өтті Сәтқалиев.

Толығырақ

KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан 2 994 саяжай үйі су астында қалды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласының төңірегіндегі саяжайлар Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің жайылмаларында орналасқан. Фото: БҚО ТЖД Жайық өзені бойынша секундына 3 мың текше метр су келуде. «Су тасқыны басталғаннан бері 13 732 адам эвакуацияланса, соның 5 703-і – балалар. Эвакуациялық пункттерде 2 300 адам орналасса, соның 1 062-сі – жеткіншектер. 11 432 адам туыстарына барды. Облыс бойынша 4 915 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды. Барлығы 1 млн 020 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 844 мың…

Толығырақ