Автор: asylbek

Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Айта кетейік, жыл сайын Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленеді. «Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады», — деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов. Қазіргі таңда Алматыда 44 ҰОС ардагері тұрады.

Толығырақ

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

Толығырақ

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев атап өткендей, Құлсары қаласында газ беру үрдісі қалпына келтіріледі, осы мақсатта екі ауысымда жұмыс істейтін 4 бригада жұмылдырылды. Өтінімдер тәулік бойы қабылданады. «Электр қуатын беру және су айдау жұмыстары жалғасуда. Қоғамдық көлік қозғалысы да жаңғыртылды. 12 бағыт бойынша 55 автобус жүреді. Бір реттік төлемдерге өтініштер қабылдау басталды. Теңіз вахталық кентіне эвакуацияланған тұрғындар өтінішті сол жерден бере алады», — деді спикер ОКҚ брифингінде. Жалпы Жем өзенінің су деңгейінің 20 см-ге төмендеуі байқалады. Жайық өзеніндегі су тасқынына дайындық аясында жоспарланған 223 шақырым бөгеттің 123 шақырымы жасалды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 935 бірлік техника, түрлі ұйымның 2,5…

Толығырақ

Экология мен табиғатты қорғау министрлігі табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аламның өмірі мен денсауылғын сақтау, экономика және бизнес үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 60 млрд тенге сұрап отыр. Егер бұл қаражат бөлінсе орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі тұрақталып, өндіріс және тұтыну қалдықтары кәдеге жарап дамып кетуге мүмкіндік жасайды делінге құжатта. Ашық НҚА жүйесінде орналастырылған құжатқа сәйкес, «Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жиыны (» Экология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер » (мың теңгемен ) 2022 жылы — 19 240 739; 2023 жылы – 14 812 906; 2024 жылы – 8 710 038; 2025 жылы – 8 644 280;…

Толығырақ

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген. Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды. Аудан прокуратурасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Толығырақ

 Бүгінгі таңда арнайы құрылған комиссияларға жергілікті маңызға ие ТЖ жарияланған алты аудан мен Ақтөбе қаласының тұрғындарынан 3180 өтініш келіп түсті. Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі облыс орталығының Алматы ауданында тұрады.  Комиссия мүшелері құжаттарды мүмкіндігінше тез тексеріп, тәуелсіз бағалау компаниясының қорытындысын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазіргі уақытта облыстың 14 тұрғынына жалпы сомасы 33, 2 млн теңгеден астам өтемақы аударылды. Өтініштерді қарау жалғасуда. Бірде-бірі мәлімдеме назардан тыс қалмайды.  Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға төлем беру жалғасуда. Бүгінгі күні ақтөбеліктерден 1272 құжат қабылданып, 960 адамға 313 млн теңгеден астам біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Алдын ала…

Толығырақ

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ. Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өтуде. Аймаққа қарасты қалалар мен аудандарда көгалдандыру және қоқыс жинау,  аялдамаларды жуу, ескерткіштерді тазалау, ағаштарды әктеу, олардың түбін қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Семей орманының аумағына 6 гектар жерге 28 560 көшет отырғызылды. Акцияға мемлекеттік және жеке меншік мекемелер қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер, оқушылар қатысты. Шараға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды республика көлеміндегі ауқымды акцияға белсене атсалысып, өз үлестерін қосуға шақырды. Мемлекет басшысының бастамасын бүкіл Семей жұртшылығы, облыс тұрғындары қолдаймыз. Қазір облысымыздың әрбір аудан, қалаларында сенбіліктер өткізілуде. 2 айлық…

Толығырақ

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Анар Нұрмахан бағдаршам сигналдарын дауыспен сүйемелдеудің бірегей жүйесін жасады. Құрылғыны өңірдің БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында таныстырылды. Шаһарда 1973-тен астам көру қабілеті нашар адамдар бар. 200 бағдаршамның кейбірі ғана осындай құрылғылармен жабдықталған. Сондықтан, «It Servise education» жастар қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Зияткерлік мектебі 2023 жылдан бастап нашар көретін адамдарға көмектесетін құрылғы жасауға бағытталған жаңа жобаны бастаған. Бүгінде құрылғы төрт маусымдық тестілеуден өтуде. «Құрылғы қуатты динамикпен жабдықталған және дыбыстық хабарламаларды мемлекеттік тілде таратады. Ол сіз кесіп өтпекші негізгі көшенің атын хабарлайды және бағдаршамның жасыл жанғанша уақытын санайды. Бұл нашар көретін адамдарға жаяу жүргіншілер өткелдерін оңай…

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл таратылмақ. Облыстағы Глубокое және Тарбағатай аудандарындағы бірнеше кент ауылға айналып, кейбір ауылдар таратылады. «Нақты айтқанда, Глубокое ауданындағы Алтайский және Верхнеберезовский кенттері ауыл санатына жатқызылады. Сметанино, Калинино ауылдары мен Аврора станциясы таратылып, өзге қоныстар санатына енгізіледі. Сметанино – Кожохова елдімекеніне, Калинино – Алтайский ауылына, Аврора станциясы – Предгорное ауылының құрамына қосылады», — дейді ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары Мерей Асылханов. Тарбағатай ауданы бойынша Сағындық, Өтеген, Жалғызтөбе ауылдары таратылады. Сараптама комиссиясы мен ғылыми сараптама қорытындысы жасалған. Енді жоба «Ашық НҚА» порталына шығарылады.

Толығырақ

Ырғыз ауданындағы Мамыр, Нұра ауылдарына Торғай өзенінен келген су кірді. Ауыл тұрғындары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 120-дан астам адам, 7 техника жұмылдырылғанымен, бөгет бұзылды. — Нұра ауылында қорғаныс бөгеті шайылып, ауылды су басты. Ахуалды бағамдау үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Ми-8 тікұшағымен жетті. Мұнда алдын ала 1 100 дана қап және 390 тонна инертті материал тасымалданған болатын. Бұл ауылдан 12 және 13 сәуір күндері 242 адам алдын ала эвакуацияланды. Олар Ырғыз ауданының орталығында ұйымдастырылған қауіпсіз орынға көшірілді. Қалғаны туысқандарының үйіне жеткізілді. Нұра ауылында 112 тұрғын үй бар, 691 адам тұрады, — деді Ақтөбе…

Толығырақ