Автор: asylbek

Заңгер Анна Чернованың сөзінше, қарапайым халық пен шенділердің арасында әлеуметтік теңдік орнауы керек. “Рақымшылыққа ілінген экс-министрдің Салтанаттың өлімімен аяқталған оқиғасы қайталанбауы керек. Жазасыздық жаңа қылмыстарға әкелуі мүмкін”, – дейді заңгер. Бұған дейін, 2023 жылдың ақпан айында заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Черновты Нұрасыл Болат соққыға жыққан еді.

Толығырақ

Вьетнамдағы ең бай әйелдердің бірі алаяқтық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді. Ол банктен 12,5 млрд доллар ұрлаған, деп жазады ВВС. Хошимин қаласының соты 67 жастағы вьетнамдық іскер әйел Чыонг Ми Ланды 11 жыл бойы елдегі ең ірі банктердің бірін тонап келгені үшін өлім жазасына кесті. Van Thinh Phat компаниясының басшысы Чыонг Ми Лан — Вьетнамда қаржылық қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесілген санаулы әйелдердің бірі. Мұндай ауқымдағы алаяқтық бұрын-соңды болмаған. Чыонг Ми Лан Saigon Commercial Bank-тен 304 трлн донг (шамамен 12,5 млрд доллар) несие алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оның әрекетінен келген жалпы шығын 27 млрд долларға бағаланып отыр және сот…

Толығырақ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қазақтандық ғарышкерді ашық космосқа жіберу бағытындағы дайындық жұмыстары туралы мәлімет ұсынды. «Қазіргі таңда Қазақстанның ғылыми зерттеулер мен эксперименттерінің алтыншы бағдарлама жобасы талқылау және пысықтау сатысында тұр. Бұл бағдарламаның әрбір жобасы өзектілік, жаңашылдық, іске асыру мүмкіндігі (халықаралық ғарыш стансаларында қажетті қондырғылар бар-жоғы жөнінде) тұрғысынан зерттеледі», — делінген жауапта. Ведомство мамандары ғарышкер дайындау жобасы жөнінде егжей-тегжей ақпарат бере алмайтынын атап өткен. «Жобалардың саны мен мазмұны туралы айту әзірге ерте деп есептейміз. Бүгінгі таңда ғарыш ведомстволарына, оның ішінде «Роскосмос» мемлекеттік корпорацияларына сауал жолдадық. Соңғысы ғарышкерді аттандырудың негізгі шарттарын атады. Ол шарттарды қарап жатырмыз. Бірақ…

Толығырақ

«Қырғыз Республикасындағы халал-индустрия туралы» заң жобасын талқылау барысында Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев интернеттегі шет тіліндегі барлық мазмұнды бұғаттауды және қырғыз тілін сақтау мақсатында араб атауларынан бас тартуды ұсынды. Нұрланбек Шәкиев қырғыз тілі жойылып барады, сондықтан қырғыздардың пайдасына ғаламтордағы шет тіліндегі барлық бағдарламалар мен мультфильмдерге тыйым салу керек деп санайды. «Құрметті депутаттар, „халал“ терминін қырғыз тіліндегі „адал“ деп атасақ. Қырғыз сөздерін арабшалап, арабша атаулар беріп, көп нәрсені орысша да атаймыз. Бақыт, Таалай, Елмурза, Ұлықбек, Балбақ, Чолпон, Жылдыз, Нұрбек деген қырғыздың жақсы есімдері көп. Неге біз оларды қолданбай, арабша, орысша және басқа тілдерде атау береміз? Қырғызша атауларды қолданбасақ, олар да тіл сияқты жойылып кетеді.…

Толығырақ

715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді, өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасуда. «Облыстың екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған өңірлердің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасайды», — деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында өткен брифингте. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайды. Бүгінгі күні 353 үй тексерілді, оның ішінде 159 үй қалпына келтіруге жатады, олар бойынша бағалау жүргізілгеннен кейін залал сомасы төленетін болады. Қалпына келтірілмейтін үйлер бойынша, бұл 194 тұрғын үй, бұл тұрғындарға үйлер берілетін болады. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, су тасқыны…

Толығырақ

Бүгінде еліміздің бірқатар өңірі су астында қалды. Президент мұндай апат 80 жылдан бері болмағанын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сүйенсек, тасқын басталғалы 100 мыңға жуық адам құтқарылған. Зардап шеккендер баспанасыз қалды, мүлкінен айырылып, малы қырылды. Жалпы шығын 200 млрд теңге шамасында болуы мүмкін. Алайда елімізде мұндай жағдайда сақтандыру міндетті емес. Қазақстанда міндетті сақтандыруды енгізу мүмкін бе, енгізілсе, механизмі қандай болуы керек? Толығырақ Kazinform тілшісінің сарапшылармен сұхбатынан оқыңыз. Қазақстанда қанша тұрғын үй сақтандырылған? БҰҰ мәліметінше, соңғы 20 жылда дүние жүзінде табиғи апаттар – жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық және дауылдардың саны екі есе өскен. Сарапшылар мұны климаттың өзгеруімен, соның ішінде жаһандық жылынумен…

Толығырақ

«Қазіргі кезде 7 көлік СҚО-ға аттанады. Олара су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық жүк жеткізеді. Онда азық-түлік те, қажетті заттар да бар. Гуманитарлық көмек жинау Достық үйлерінің бәрінде жүргізіліп жатыр. ҚХА барлығы 600 тонна гуманитарлық көмек жинады, кәсіпкерлердің, меценаттардың қайырымдылық көмегін ескерсек, ақшалай баламада бұл шамамен 430 млн теңгені құрайды. Бұдан басқа, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге арнайы техника бөлінеді. Өңірлерде ҚХА меценаттары 35-ке жуық арнайы техника берді. Бұл жұмыс жалғасуда. Жалпы Қазақстан бойынша ҚХА-ның 11 мыңға жуық еріктісі жергілікті жерлерде еңбек етуде. Қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып отыр. Бірліктің арқасында біз осы сын-қатерді еңсереміз», — деді «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы…

Толығырақ

Сотта тараптарға активтерді қайтару бойынша процестік келісім жасасу үшін қосымша уақыт берілді. Ол – 50 млрд теңгеден асатын қаражат. Бұған дейін Назарбаевтың немере інісі заңсыз жолмен алынған қаржыны жылыстату бойынша кінәсін мойындаған еді. Тергеу кезінде ол құны 732 млрд теңгеден асатын мүлік пен қаражатты мемлекетке қайтарды. Оның ішінде: эксклюзивті зергерлік бұйым, люкс үй, пәтерлер мен автокөліктер және т.б.

Толығырақ

Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 99 869 адам, оның ішінде 36 591 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналасты. 9 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 272 адам, 4 мың техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы және 1 778 саяжай үйі су астында қалуда. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды. «Еліміздің…

Толығырақ

1961 жылдың 12 сәуірінде Қазақстанның «Байқоңыр» айлағынан алғашқы ғарыш кемесі аспанға ұшты. Бұл – барша адамзат тарихындағы маңызды әрі айтулы оқиға. Осылайша Юрий Гагарин әлемнің тұңғыш ғарышкері атанса, Байқоңыр – ғарыш айлағына айналды. Сол жылдан бері көкке самғаған ғарышкерлер саны тек арта түсті. Бүгінгі күнге дейін шексіз ғарышқа түрлі мақсаттағы сапарлар ұйымдастырылып, қарқынды ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Әрине, бұл бүкіләлемдік ғылыми қауымдастық үшін алға қарай ілгері қадам болды. Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін елімізде де ғарыш саласына ерекше назар аударыла бастады. Нәтижесі жаман емес, себебі қазақтың үш бірдей ері ғарышкер атанды.  Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Бүгінде бұл үш есім тәуелсіз Қазақстан тарихында…

Толығырақ