- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Жастар ауылдан ат-тонын ала қашады, масылдыққа бейім деген сөз жаңсаққа айналып келеді. Қарағанды өңірінде ауылға қоныс аударып жатқан жас маман көп. Керек десеңіз, қаладағы жұмысын тастап, шаруашылық ашып жатқан жігіттер де бар. Солардың ішіндегі ең жасы, еті тірісі – Нұрбек Жәнібекұлы. 24 жастағы Нұрбектің алдында бір отар қойы бар. Еділбай қойын өсіріп, өрісін толтырып, нарыққа шығарып отыр. Әкесінің де шаруашылығында жылқы мен сиыр бар. «Шаруаның бір шетін көтерісемін» деп келген ұлына еншісін беріп, жеке шаруашылық етіп шығарды. Еділбай қойын өсіруді о баста ойластырып келген Нұрбек шаруасын ширатып ала жөнелді. Нұрбек жасы 18-ге толысымен оқуын сырттайға ауыстырып, жұмысқа шықты. Білім алып…
Өмірін өнегемен өрген тұғырлы тұлғалардың артына қалдырған рухани мұрасынан бөлек, тіршілігінде тұтынған бұйымдары мен жеке заттары да кейінгілер үшін қастерлі мұра. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі академик атымен аталатын шағын музей ғибратты ғұмыр иесінің өмір тынысынан сыр шертетін бірегей орын.Ғылым сардарының музей төрінен орын алған кітап сөресі бірден көзге түседі. Қатпар тарихтың сарғайған естеліктерін сіңірген ағаш сөре арманы биік академиктің ғылымдағы ең бір жемісті жылдарында тұтынған бұйымы болса керек. Бір қабырғаны тұтас жауып тұрған алып сөре талай қазыналы кітаптардың қоймасы ғана емес, ұлы тұлғаның алақаны тиген айшуақ естелік. Қаныш Имантайұлы дүниеден өткенде Ғылым академиясына тапсырылған жәдігердің ғалым атымен…
Тексеріс нәтижесі бойынша мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты заңбұзушылықтар анықталған. Салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнген. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне беру туралы мәселе көтерілген. Нәтижесінде Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Теңізшевройл су тасқынымен күресушілерге көмек ретінде 2 миллиард теңге бөлді. Онысына рахмет. Бірақ, арзандау құтылып тұрған жоқ па? Тек Жылыой ауданында 2800 тұрғын үйді су басты. Үкімет бір үйдің құнын 22 млн теңгеге бағалап отыр. Бұл 80 шаршы метрлік үй немесе 2 бөлмелі пәтердің құны. Яғни шаршы метрін 281 мың тенгеге бағалап отыр. Демек, Теңізшевройлдың бөлген қаражаты небәрі 90-үй сатып алуға ғана жетеді. Жақсы оған да көндік. Теңізшевройл тіпті бір тиын да шығармай қойса да ештеңе дей алмаспыз. Ал бүлінген экологияны қайтеміз? Өткен жылы бұл компания ауаны ластағаны үшін 2,8 млрд тенге айыпппұл төледі. Бұл туралы біздің шығармашылық топ…
Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен. Шебердің айтуынша, бұл ой оған елге деген махаббаттан келген. «Ең үлкен Құран Кәрім нұсқасын дайындау арқылы мен 200 млн мұсылман тұратын Отанымыздың тұғырын биіктетуді мақсат тұттым», дейді ол. Иә, нақышкерлікке асқан ыждағат, толайым төзім керек. Қасиетті кітапты осындай үлкен көлемде жасап шығу шебердің отанпәруар көңілінен туып отырғаны белгілі. Осы орайда хакімдер қалдырған мына хикметтің ойға оралып отырғаны: «Жаратушының адамзатқа жіберген екі Құраны бар. Бірі – хатқа түскен кәдімгі Құран. Ал…
Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында гендерлік-сезімтал кадр саясатын қалыптастыру мәселелеріне арналған екі күндік тренинг басталды. Тренингті Академия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырды. Іс-шараға Бас прокуратураның кадр қызметтерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сот әкімшілігінің, Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері қатысады. Академия проректоры Маралбек Ешимов өз сөзінде құқық қорғау органдарының кадр саясатындағы гендерлік сезімталдықты дамыту неғұрлым әділ және инклюзивті қоғам құруға ықпал ететінін атап өтті. Оқытудың негізгі мақсаты гендерлік теңдік…
Тарихшы, Ұлттық музейдің «Қазақстан тарихы» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Сырым Хасеновтің пікірінше, елімізге 30 жылдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан Елтаңбамыз – тұнған тарих. Ешқандай өзгерісті қажет етпейді. «Жандарбек ағамыздың жасаған әрбір белгісі бүкіл этнографиялық салт-дәстүрімізді, тарихымызды, әдет-ғұрпымызды білдіретін символикалық рәміздер екені бесенеден белгілі. Онда сақ кезеңінен бастап бүкіл ата-бабамыздың тарихы, этнографиясы, салт-дәстүрі – барлығы көрініс тапқан. Сондықтан, өз басым өзгертудің қажеті жоқ деп санаймын. Бірақ қазір елтаңбада Кеңес одағының сарқыншақтары бар деген әңгіме айтылып жүр. Меніңше, бұл бес жұлдызға қатысты айтылған пікір», — дейді тарихшы. Хасеновтің айтуынша, әу баста елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков сегіз қырлы жұлдыздың бейнесін ұсынған.…
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы жұмыс орнында көз жұмды. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады. «Ол жұмыс орнында қайтыс болды, біз марқұмның туыстарымен байланысып, барлық қажетті құжаттарды дайындап жатырмыз», деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Оңтүстік Кореяның «Yonhap» ақпарат агенттігі 30 жастағы Қазақстан азаматы ағынды суларды тазалау кезінде қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті полиция, сондай-ақ Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр. Болжам бойынша, ер адамды тоқ соққан. Оның жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынына қатысты облыс тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz. «Құрметті жерлестер! Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі. Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Қиын сәтте ел басшылығы бізге қолдау көрсетіп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста жұмыс сапарымен екі рет Премьер-министр Олжас Абайұлы Бектенов болды. Қазір облыста Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Васильевич Скляр тасқынға қарсы жұмыстарға басшылық етіп жатыр. Тұрғындардың өмірін сақтау — біздің басты міндетіміз», деді облыс әкімі. Әкім өңірде су тасқыны жағдайы әлі де күрделі екенін жеткізді. Оның айтуынша, су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бірінші кезеңде елді…