Автор: asylbek

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы алғаш рет Олимпиада ойындарына қатыспайды. Пхукетте (Таиланд) өтіп жатқан ауыр атлетикадан лицензиялық әлем кубогында екі қазақстандық cпортшы – Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова Олимпиада жолдамасы үшін бақ сынады, — деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы. Сергей Петрович (89 келі) жарысқа С тобында қатысты. Ол жұлқа көтеруде 167, серпе көтеруде 196 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 363 келіні еңсерді. Бұл көрсеткішпен Петрович 6-орынға жайғасты. Ал Айнұр Әбдіқалықова 49 келіге дейінгі олимпиадалық салмақта өнер көрсетіп, С тобында 5-орынға табан тіреді. Ол жұлқа көтеруде 72, серпе көтеруде 88 келіні, қоссайыс қорытындысында 160 келіні бағындырды. Осылайша, қазақстандық ауыр атлеттер Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама…

Толығырақ

Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды Жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ. Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

Толығырақ

Мамандар Қазақстанның кейбір су нысандарында гидробекеттер жоқтығын айтып, Су министрлігіне қаратып бірнеше ұсынысын жеткізді. Қазақстандағы су шаруашылығы сарапшылары мен ғалымдары қолданыстағы Су кодексін жетілдіру қажет деп есептейді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. Астана қаласында өткен «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін» атты талқылауда сарапшылар қазіргі су тасқының себеп-салдарына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ қолданыстағы кодексті жетілдіру қажеттігіне тоқталды. Қазақстан-Британ техникалық университетінің инженерлік геоматика кафедрасының профессоры Жанай Сағин су тасқынын құрғақшылықтан шығу үшін пайдалану қажеттігіне тоқталды. «Қазір су тасқыны болып жатыр, ертең құрғақшылық болады. Кез келген проблема екінші жағынан бәр мәселені шешуге мүмкіндік береді. Елімізде көп нәрсе табиғатқа қарсы істеліп жатыр. Оны жергілікті өзін-өзі…

Толығырақ

Болжамды республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты. Оның айтуынша, солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде жауын — шашын, күндіз жаңбыр жауады. Қатты жаңбыр орталықта, күндіз елдің солтүстігінде болады деп болжануда. Тек оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР бойынша тұман күтілуде. «Сондай-ақ осы сағатта Ақмола және Ақтөбе облыстары бойынша екі дауылды ескерту шығарылды. Ақтөбе бойынша 7-10 — сәуір аралығында ауа температурасының болжамды көтерілуіне және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. Ақмола облысы бойынша 7-10 — сәуір аралығында Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бурабай, Шортанды және Целиноград аудандарында қатты жауын-шашынның…

Толығырақ

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысындағы инженерлік инфрақұрылымның су тасқынына дайындығын тексеру мақсатында Петропавл қаласының маңындағы бірнеше ауылдарды тексеру үшін түнгі рейд жүргізді. Рейд барысында Тепличное, Прибрежное ауылдары мен Ущева көшесі бойындағы бөгеттерді нығайту жұмыстарының барысы тексерілді. Роман Скляр мердігер компанияларға бөгеттерді нығайту үшін техника көлемін арттыруды тапсырып, уақыт аз екенін еске салды. «Бізде санаулы күндер қалды, белсенді жұмыс істеу керек. Нысандарда жүк машиналары мен басқа да техникалар жеткіліксіз, тиегіштердің санын екі есеге арттыру қажет. Судың көтерілу кезеңінде біз ағымдағы жағдайға жауап беретін мобильді топтар құратын боламыз», — деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Толығырақ

«Тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялық пунктерден шықпаңыздар. Ескерту дабылын алған кезде көршілерді ескертіңіз, мүгедектер мен балаларға көмек беріп, нұсқауларды қатаң сақтаңыз. Киімді, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді, құжаттарды су өткізбейтін пакеттерге алдын-ала салып дайындаңыз. Барлық электр энергиясын тұтынатын техниканы ажыратыңыз, газды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді жабыңыз», — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ брифингінде.

Толығырақ

Су тасқыны кезеңінің басынан бері 75 982 адам құтқарылды, оның ішінде 18 681 бала бар. Уақытша орналастыру пунктерінде 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала бар. 7 млн текше метрден астам еріген су тартылып, 993 мыңға жуық қап төселді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл мәлімдеді. «1739 тұрғын үй мен 1743 аула аумағынан су бұрылды. Авариялық — құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су айдау құралы және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды», — деді спикер. Қазіргі уақытта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Солтүстік Қазақстан,…

Толығырақ

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасының ернеуінен асып төгілуі 415 см-ге жетті. Өңірде соңғы рет ауқымды су тасқыны 2017 жылы тіркелген еді, ол жолы бөген 338 см-ге асып төгілді. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша өткен тәулікте Сергеев су қоймасынанда асып төгілген су деңгейі 80 см-ге артқан. Қазір бөген 180 % толған. Су әлі де көтеріліп келеді. Болжам бойынша шарықтау шегінде бөгеннен төгілген судің биіктігі 430 см-ге жетпек. Есіл ауданы Покровка елді мекенінде бір тәулікте Есіл өзені 411 см-ге көтерілді, осылайша қауіпті деңгейге жетуге 20 см ғана қалды. Сергеевка қаласының маңында да Есіл өзені әлі көтеріліп…

Толығырақ

Астанада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлер саны азайып келеді. Мысалы, 2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы 140-тан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Биыл бұл мәселе толық шешіледі. Тағы 9 нысан бойынша үлескерлерге кілттерді блокпен тапсыру алдағы айларға жоспарланған. Мысалы, ақпан айында «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары көптен күткен кілттерін алды. Оның құрылысы 11 жыл бойы жүргізілді. Құрылысы 2013 жылы басталған нысан 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлердің саны 200-ге жуық отбасын…

Толығырақ

Астана қаласындағы мәдени ошақтардың бірі – Қолжазбалар және сирек­ кітаптар ұлттық орталығының қорында салмағы 10 кило тартатын, ал көлемі 40х44,5 см, 408 беттен тұратын алып кітап бар. Бұл жәдігердің бағасына құн жетпейді. Өйткені бұл кітап ислам әлемінің үшінші халифасы Осман Аффанның тұсында жазылған. Тәпсірлеп айтар болсақ, ислам әлемге қанат жайған VI ғасырда араб емес халықтарға Құранды дұрыс оқыту үшін қырағат қажет болды. Сол себепті, бірінші халифа Әбу Бәкірдің кезінде хатқа түсіріліп, екінші халифа Омардың қызы Хафсаның қолында сақтаулы тұрған жалғыз Құран жеті нұсқамен (қырағат) көбейтіліп, мұсылман діні жеткен жерлерге жіберілген. Бұл кітаптар тарихта «Оспан Құраны» деген атпен қалды. Бұл жәдігер…

Толығырақ