- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
Бұл туралы Vlast басылымы хабарлады. Amanat депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Жанарбек Әшімжанов «БАҚ туралы» заңға ЛГБТ өкілдері туралы жазуға тыйым салатын түзету енгізуді ұсынды. Заң жобасының 22-бабына «дәстүрлі емес жыныстық бағыт» деген сөздермен толықтыру көзделген. Қазір жаңа толықтыру талқыланып жатыр.
«Жем өзені арнасынан асып, тасыды. Осыған байланысты аудандық жедел штаб Құлсары қаласындағы 2 және 3-ауыл тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III-топтағы мүгедектер көшіріледі», деп хабарлады аудандық әкімдік. Эвакуацияланған тұрғындар үшін Құлсары қаласындағы бірнеше мектепте қабылдау пункті ашылды. Тұрғындар №1, 5, 6, 8, 9, 16 және 18-орта мектепке орналастырылады. «Қауіпсіз аймаққа көшіру жақын жол жиегінде қойылған «БатысТехИнвест» ЖШС-нің автобустары арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардан өзімен бірге жеке құжатын, шағын төсек және басқа қажетті заттарын ала баруы сұралады», деп мәлім етті аудандық әкімдіктен. Құлсары қаласындағы орталық стадионның аумағын, көшелерді тасқын су…
Кеше түнде Целиноград ауданындағы Талапкер ауылын да қарғын су басты. Төтеншеліктер дереу оқиға орнына жетті. Қазіргі уақытта ашық учаскелерден және су басқан аула аумақтарынан еріген су сорылып жатыр. Жағдай бақылауда.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Бишімбаев ісіне» орай пікір білдірді. «Время» газетінің тілшісі министрден: «Аида Ғалымқызы, сіз Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының төрағасысыз. «Бишімбаев ісін» қадағалап отырсыз ба? Өйткені, қоғам әділетсіз үкім шығу мүмкіндігіне алаңдаулы. Осыған орай қандай пікір білдірер едіңіз?» — деп сұрайды. Осы орайда, министр ұлттық комиссияның төрағасы ретінде өзі де, комиссия мүшелері де аталған сот талқылауын жіті қадағалап отырғандықтарын айтады. «Сот ашық форматта өтіп жатыр. Бұл — тараптардың талабы. Мыңдаған адам отырысты тікелей эфирден көріп отыр, қоғам, қоғамдағы пікір көшбасшылары, журналистер процесті жан-жақты жазып жатыр. Сот әділ үкім шығаратындығына сенімдімін. Мемлекет басшысы айтқан Заң мен…
Жамбыл облысында 40 келіден астам есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған. Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.
Полицейлер құтқарушыларға Қарасу ауданындағы Қарамырза кентінің тұрғындарын эвакуациялауға көмектесті. Олардың арасында балалар, әйелдер және мүгедектер бар. Өз бетінше қозғала алмайтын тұрғындарды полицейлер түрлі құралдарды пайдалана отырып, көтеріп алып шықты. Қарасу ауданының полиция бөлімінің бастығы Руслан Төлеубаевтың айтуынша, ер адамдар су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге қалған. Қараусыз қалған үйлер жергілікті полицияның бақылауына алынды.
Бишімбаев ісі бойынша прокурордың «aijan.aimaganova» деп аталатын фейк парақшасына 15 мыңнан астам адам жазылған. Ол жерде сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. “Бұл парақшаның Аймағановаға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», — деді Астана қаласының прокуратурасы.
Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр
Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобымен және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті. Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті. – Көп ұзамай бұл жұмыстар да аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Павлодар мен Аққұлы аудандарының білім бөлімдерінің басшылары мектептерді уақтылы күрделі жөндеуден өткізбегені үшін жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа жүгінді. Сонымен бірге сотта олар жосықсыз жеткізушілерді жауапкершіліктен босатып, оларға артықшылық бере отырып, бітімгершілік келісімдер жасады. Бұл үшін білім басқармасының бұйрықтарымен аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Павлодар қалалық соты жазаланған адамдардың талап қоюлары бойынша жұмыс берушінің актілерінің күшін жойды. Алайда Павлодар қаласының прокуратурасы бұған келіспеді және облыстық сотқа шешімдердің күшін жою туралы өтінішхаттар енгізді. Апелляциялық сатымен прокурорлардың өтінішхаттары қанағаттандырылды, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешімдер шығарыла отырып, бірінші…