- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
- Жамбыл облысында 24 полигон рұқсатсыз жұмыс істеген
- «Әлеуметтік желідегі жанжал екі адамның өлімімен аяқталды»: Ақтөбеде атышулы іс бойынша сот үкімі шықты
- Ақтөбеде мектеп есепшісі бюджеттен 238 миллион теңге жымқырған
- Қазақстанда қаржы пирамидасын құрған ресейлік 11 жылға сотталды
- Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды
- Каспий теңізінің жағалауынан 300-ге жуық өлі итбалық табылды
- Ақтөбеде мұнай және тау-кен компаниялары экологиялық заңнамаларды бұзды
Автор: asylbek
«Байтақ» жасылдар партиясының ғылыми-сараптамалық кеңесі су тасқыны мәселесін және оның алдын алу шараларын талқылайды. «Байтақ» жасылдар партиясы БАҚ өкілдері мен барлық мүдделі тұлғаларды су тасқыны мәселесі бойынша Ғылыми-сараптамалық кеңестің отырысына шақырады. Іс-шара 2024 жылғы 5 сәуірде Астана қаласында Аманжолов көшесі 32/1 мекенжайы бойынша өтеді. Отырыстың тақырыбы: «Су кодексі: су тасқынына дейін және одан кейін». Сарапшылар мен «Байтақ» партиясының мүшелері су тасқынына және оның салдарына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексін жетілдіру қажеттілігін талқылайды. Су тасқыны жыл сайын ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Қолданыстағы Су кодексі климаттың өзгеруіне және…
КХДР орта қашықтықтағы гиперсониялық баллистикалық зымыранды ұшырып, сынақтан өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Елдің жоғарғы көшбасшысы бұл процесті оқиға орнынан басқарып отырған. Бұл туралы Кореяның ресми орталық телеграф агенттігі хабарлады. Бұл жаңа әзірленген гиперсониялық жоспарлау оқтұмсығымен жабдықталған жаңа типтегі «Хвасонфо-16Б» орта қашықтықтағы қатты баллистикалық зымыранның алғашқы ұшырылымы болды. Зымыран Пхеньян маңындағы әскери полигоннан солтүстік-шығыс бағытта ұшырылды. ОТА мәліметтері бойынша, сынақ ұшырылымы көрші елдің қауіпсіздігіне теріс әсер еткен жоқ.
Біздің елімізде алтынмен қамтылу деңгейі 25 жылды құрайды. Жауапты комитет басшысының айтуынша, бұл төмен көрсеткіш – басқа елдерде орта есеппен 40-50 жылдық қор бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Алтын қоры жайлы – Біздің баланста пайдалы қазбалардың 130-дан астам түрі бар. Үнемі мониторинг жүргіземіз. Әрине, пайдалы қазбалары бар елдерде қорлармен қамтамасыз ету деңгейі орта есеппен 40-50 жылды құрайды. Толымдылығы төмен кейбір пайдалы қазбалар бар. Негізгілері бойынша: алтын, мыс, қорғасын – 40 жылдан астам орташа есепте қамтамасыз етілген, — дейді геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров. Десе де, министрліктің өкілі өз сөзіне толық сенімді емес сияқты. Журналист толымдылық деңгейі төмен қазбаларды атауды сұраған. Ол былай…
Көктемнің алғашқы күндерінде интернетке шыққан видео Жайық жағасындағы елді ғана емес, бүкіл қазақстандықтың таңданысын тудырды. Видео «Ақжайық» резерватында түсірілген. Ал бұл жерде балық аулауға тыйым салынған. Моторлы қайықтың иесі кім, оған резерватқа кіруге рұқсат берген кім, Ulysmedia.kz мәселенің мәнісін анықтауға тырысты. Су көлігінің иесін анықтау қиынға түспеді, ол – Қашаған кен орнының операторы NCOC (North Caspian Operating Company) екен. Алайда оның ерекше қорғалатын резерватқа кіруіне кім рұқсат бергенін және не себепті кіргенін анықтау оңайға түспеді. Мұның артында кім тұр Журналистік зерттеуді бастау үшін редакция, алдымен, Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жазып, сауал жолдады. Біз бірінші кезекте NCOC мердігері «Caspian Offshore Contractors»-тың…
БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңірде қарғын судан 552 тұрғын үй мен 427 саяжай зардап шеккен. Су басқан жерлерден жеті мыңға жуық тұрғын көшірілді Ақорданың жазуынша, облысқа барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап шыққан соң аудан орталығындағы эвакуация орталығына барып, халықпен кездескен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 232 қаулысымен «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалар санаттарын жіктеу (таксономия) жүйесіне өзгерістер енгізілді. Енді «жасыл» Таксономия газдан электр энергиясы мен жылу өндіру, отынды газға ауыстыру, сондай-ақ атом энергетикасы жобаларына қолданылады. Сонымен қатар, «жасыл» Таксономия экономикалық қызмет кодтары, шекті мәндер және мысалдар бөлігінде жаңартылды. «Жасыл» Таксономияның негізгі мақсаты жасыл қаржыландыруда, атап айтқанда, «жасыл» облигациялар шығару және «жасыл» кредиттер беру процесінде қолдану үшін жобалар мен активтердің санаттарын айқындауға жәрдемдесу болып табылатынын атап өтеміз. «Жасыл» несиелер мен «жасыл» облигацияларды пайдалану жолдары келесідей: 1. «Жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші…
Мемлекет басшысы малдың жаппай қырылуына байланысты ушыға түскен эпидемиологиялық жағдайға арнайы тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта су тасқынының алдын алу шараларына айрықша мән беруді тапсырды. – Көктем мезгілінде қар шығару, өзендердің қауіпті учаскелеріндегі мұзды жару, қарғын су жүретін арналар жасау және басқа да қажетті шаралар алдын ала жүргізілуге тиіс. Жаз-күз маусымында өзендердің арналарын уақытылы тазалауды, табанын тереңдетуді және сағаларын кеңейтуді, автомобиль мен теміржолдардың бойындағы қолданыстағы су өткелдерінің қуаттылығын арттырып, жаңасын салу қажет. Қорғаныс бөгеттері мен су жүретін каналдар салу керек. Бұл міндет Республикалық штабқа және Үкіметке жүктеледі, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент суы мол өзендердің арнасын реттеу үшін су…
Мемлекет басшысы облыстағы ауа райы болжамының қолайсыздығын атап өтіп, су тасқыны жағдайының ушығуына дайын болу қажет екенін айтты – Бұл – табиғи құбылыс екенін бәріміз түсінеміз. Қардың еруі және тоңның қалың болуы салдарынан топырақтағы ылғал мөлшері жоғары болды. Содан кейін күн күрт жылынып, жауын-шашын жиіледі. Өкінішке қарай, биыл осы факторлардың барлығы қабаттасып кетті. Бұдан сабақ алуымыз керек. Су тасқыны кезеңіне жыл сайынғы дайындық жұмыстары жаз-күз мезгілдерінде басталып, үш бағытта жүргізілуі қажет. Ең алдымен, бұл – болжам, сараптама жасау сипатындағы шаралар. Гидрометеорологиялық қызмет болжам деректерін мұқият талдап, алдағы су тасқыны кезіндегі жағдайдың өрбу сценарийлерін дайындауға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. – Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті, – деді Президент. Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жағдай әлі де өте күрделі екенін атап өтіп, мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар…
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚШ Федералды авиация әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігін алдын ала Халықаралық бағалауды (IASA) жүргізу туралы келісімге қол қойды Мемлекет басшысының Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын белгілеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен АҚШ Федералды авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігі бойынша алдын ала Халықаралық бағалауды (IASA) өткізу туралы келісімге қол қойды. Келісім ақпарат алмасуды, техникалық көмекті және әлеуетті арттыру шараларын қоса алғанда, IASA алдын ала бағалау процесіне бірлескен тәсілді сипаттайды. Осы келісім Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін…