Автор: asylbek

2024 жылы Маңғыстау облысының шекарасы да кеңейтіліп жатыр. Еліміздің Көлік министрлігі елең еткізерлік жаңалығымен бөлісті. Қазақстанның құрлықтағы жері алда үлкеюі мүмкін. Өйткені Каспий теңізінің түбін тереңдету бойынша кең ауқымды жұмыстар басталды. Оның барысында жағаға орасан зор көлемде топырақ шығарылады. Ел Үкіметі теңіз астынан алынған топырақты пайдалану арқылы порт жанында жаңа алаңдар құратын болды. Алдын ала есептерге сәйкес, нәтижесінде елімізде, бұрын теңіз болған жерде жалпы ауданы 171 гектарды құрайтын жаңа құрлық жер пайда болады. Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, қазіргі кезде Каспийдегі кеме қатынасы қарқынды өсіп келеді, сонымен бірге Каспий теңізі жағалауынан кері шегініп, қатты таязданып барады. Мұның бәрі Үкіметке үлкен…

Толығырақ

Әлеуетті меншік иелеріне қойылатын топырақ сапасын, өсімдік жамылғысын сақтау, жайылымдардың тозуын болдырмау, ауыспалы егістерді сақтау және жерді ұтымды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша басқа да қарсы міндеттемелер қолданыстағы конкурстардағы талаптарда күшейтілетін болады, деп хабарлайды primeminister.kz. Мұндай тапсырманы 2024 жылғы 3 сәуірде өткен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин берді. Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, 2024 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 391,2 мың гектар, ал 2022-2024 жылдары барлығы 10,4 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 3,7 млн ​​га жері жергілікті халыққа қайта бөлінді…

Толығырақ

Елімізде іске асырылатын ірі электрэнегетикалық жобалардың бірі – ол Екібастұз – ГРЭС-де 550 мегаваттық 2 блок салу. Сондай-ақ Қарағандыда 140 мегаваттық қосымша турбина салу көзделген. Күшті жылу беретін ірі қазандық қолданысқа беріледі. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында хабарлады. «Өскемен, Жезқазған қалаларында да жылу орталықтарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті келісім -шарттарға қол қойылады. Ол тек 86 мегаваттық электр қуатын беріп қана қоймай, жалпы жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді вице-министр.

Толығырақ

2024 жылғы 4 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (Қарағанды, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 860 метр болатын су тасқыны орын алды. 3 облыстағы (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 221 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 284 бірлік техника мен 301 адам жұмылдырылған.

Толығырақ

Бакуде Қазақстан мен Әзірбайжан прокуратураларының заңдылық пен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды Қазақстан делегациясының басшысыБас Прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев Әзірбайжан Республикасының Бас прокуроры Камран Байрам Оглумен Әзірбайжан астанасы Бакуде кездесті. Кездесу барысында Каспий теңізі аймағында заңдылықты қамтамасыз етуде және экологиялық қауіпсіздікті нығайтуда бірлескен, маңызды күш-жігерді дамытудың негізгі кезеңдері, сондай-ақ құқық қолданужәне қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілері талқыланды. Атап айтқанда, талқылау екі елдің прокуратураларының заңнаманы сақтаудағы үйлестіруші рөліне бағытталған. Ж.Өміралиев құқық қолдану органдары экологиялық құқық бұзушылықтарға қарсы күресте алдыңғы қатарда болуы тиіс екенін атап өтті. Осы салалардағы тиімді халықаралық диалог пен ынтымақтастық өзекті болыптабылады. Екі елдің қадағалау ведомстволары қоршаған…

Толығырақ

Бүгін, 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Толығырақ

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Қызылордаға іссапар барысында XVIII-XX ғасырлардағы құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ. Халықтың қолында сақталған 24 тарихи мұраның ішінде XVIII ғасырдың соңында жазылған Шариғат туралы қолжазба, 1904 және 1912 жылдары Қазан баспасында шыққан Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы бар. Ғалымдар Құран мен оның түркі тіліндегі түсініктемесін, «Жами ар-Румуз», 1909-1910 жылдары Мысыр баспасынан шыққан «Бадаи ас-санаи фи тартиб аш-Шараи» (Жолды ретке келтірудегі ғажайып өнер) кітаптарын, 1898 жылы басылған «Шарх Канз ад Дакаик» кітабының 6-шы томын, «Канз ад дакаик» (Дәлдіктің қазынасы) жинағы және Ташкентте жарық көрген «Аллаяр сопының хикметі» мен «Нұр әл ғашықин»…

Толығырақ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушыларға Балаларды сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды. Ведомство басшысы оқу процесін сапалы ұйымдастыра отырып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ең алдымен көмекке мұқтаж отбасылардағы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруды тапсырды. Айта кетейік, еліміздегі жыл бойы жұмыс істейтін 11 сауықтыру орталығы 6-сәуірден бастап оқу процесін ұйымдастыра отырып, балаларды қабылдауға дайын. Оқушыларды тасымалдау үшін министрлік…

Толығырақ

KAZINFORM — Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкциялады. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.

Толығырақ

Ұялы байланыс нарығын монополиядан арылту шараларын қолға алу керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты. «Мобильді байланыс күнделікті тіршілігімізге дендеп енді. Алайда ұялы байланыс қызметі тарифінің күннен-күнге қымбаттауы халықтың қалтасын қағып, тынысын тарылтып барады. Тарифтер жыл санап емес, ай санап өсіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарлары 2023 жылы 57 пайызға дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37 пайызға дейін болған. Атап айтсақ, 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Яркий» тарифтік жоспарын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін (өсуі 39%), Ксеll мен Теле2 тамыз айынан бастап әртүрлі…

Толығырақ