- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Энергетика инфрақұрылымын дамыту үшін Энергетика министрлігі 2 бағытта жұмыс жүргізеді. Біріншісі — ол 55 жылу орталықтарында жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізу, екіншісі – 6,5 мың шақырым инженерлік инфрақұрылымдарын жөндеу. Саладағы ірі мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға 400 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінеді Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында мәлімдеді. «Бұл жөндеу жұмыстары осы саланың сапалы жұмыс істеуіне ықпал етеді. Жалпы бұл жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бұның алдында берілген тапсырмаларға сәйкес, инвестиция тарту, «Инвестицияны тарифке айырбастау» бағдарламасына сәйкес жүріп жатқан негізгі жасалған жұмыстарын айтсақ, ол әрине, салаға инвестиция тарту үшін ең алдымен тариф арқылы қайтару мәселесі. Сондықтан Министрлік 1-…
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Агенттік Төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Мәжіліс жұмысына Агенттік Төрағасы А. Жұмағалимен бірге Туризм және спорт министрі Е.Б. Маржықпаев, Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Г.Г. Головкин, Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек, қаржы және цифрландыру вице-министрлері, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар қатысты. Елімізде спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторларының болуын көрсеткен сыртқы талдау нәтижелері талқыланды. Агенттік ағымдағы жылдың басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеді. Бейінді министрлік ішіндегі жемқорлықтың ауқымы қазіргі уақытта…
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады. Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды. Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды
Бірақ Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингісі төмендеп барады. Ал еліміздің футбол кәсіподақ клубтарына соңғы 3 жылда 30 млрд теңгеден астам үстемеақы төленген. Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркелген.
Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны басталғаннан бері зардап шеккен өңірлерге көмек және қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Барлық өңірдің Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталығы мен гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ұйымдастырылған. ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері (Аналар, Ақсақалдар, Медиация кеңестері және т.б.) зардап шеккендерді, полиция мен ТЖД қызметкерлерін, құтқарушыларды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киіммен, қажетті тауарлармен (дәрі-дәрмектер, санитарлық-гигиеналық тауарлар, шаруашылық тауарлары, матрацтар, жастықтар және т. б.) қамтамасыз етуде. Олар материалдық-қаржылай көмек, сондай-ақ қажетті техника (тиегіштер, камаздар, самосвалдар, экскаваторлар) ұсынып, өңірлердегі «Ассамблея жастары» мүшелері, волонтерлік орталықтар мемлекеттік органдар мен ТЖМ қызметкерлеріне белсенді түрде жәрдем беруде. Сондай-ақ, эвакуациялық пункттерде, штабтарда қолдан келгенінің…
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру жүйесінде тарифтерді көтеру қажет екенін айтты. «Бұл мәселе кәсіпорындардың өтініштеріне байланысты, яғни саладағы компаниялардан өтініштер пулы қалыптасқан кезде, біз тиісті жауап береміз. Қазір Энергетика министрлігіне мұндай өтініштер түскен жоқ. Баға белгілеу принципіне тоқталсақ, біз алдымен өтінімдерді жинақтап, берілген өтінімдердің сәйкестігіне тиісті талдау жүргізіп, содан кейін тиісті қорытындыны жасаймыз. Жылумен жабдықтау қызметі жайында айтсақ, тарифті көтеру керек. Бірақ оның деңгейі әрбір жеке кәсіпорынға байланысты болады. Жалпы, жылу электр орталықтарының тозуы шамамен 70 пайызға жеткен. Осыған бұл қомақты инвестиция қажет. Сондықтан тарифтің өсуі пысықталуы мүмкін», — деді А.Сәтқалиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның…
Бас ауырып, балтыр сыздаса, дәрігер іздеп, жанталасатынымыз белгілі. Бірақ бүгінде ақмолалық жұртшылыққа жаны қиналса да, ақ халаттыларды шақыру мүмкін болмай қалған. Тұрғындардың айтуынша, дәрігерлерді не үйге шақыра алмайды, не жедел жәрдемге телефон шала алмайды. Емханаларға қоңырау шалса, мүлде көтермейді. Ал Damumed қосымшасы арқылы дәрігердің қабылдауына жазылғанымен, ешкім іздеп келмейді. Тіпті, жедел жәрдемге қоңырау шалу мүмкін емес… Ал телефон көтерсе де, науқас қандай қиын жағдайда болғанымен, 2-3 сағатсыз жетпейді. Осылай деп арызданған жұрттың қарасы қалың болып тұр. Облыста дәрігерлер жетіспеушілігі жылдар бойы қордаланған күрделі мәселе. Өңірде жалпы тәжірибе дәрігерлері, жансақтау бөлімі, педиатр сияқты аса маңызды салаларда жетіспеушілік басым. Кадр тапшылығының алдын алу үшін облыс басшылығы мен тиісті Денсаулық сақтау басқармасы бірталай шара қабылдағанымен, нәтижесі көңіл көншітпейді. Ал саладағы мамандардың жауапсыздығы өз алдына бөлек әңгіме. Мұны тұрғындар әлеуметтік желілерде де жиі…
Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында2019 жылдың 27 желтоқсанында орын алған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауыфактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеуәрекеттерінің аяқталғанын хабарлады. 4 мыңнан астам тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды. Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.
Бүгін Сенат отырысында қаралып жатқан келісім Еуразиялық экономикалық одақтың аймағындағы еңбек көші-қоны мен оқу жетістіктерімен алмасу процесін жеңілдетудегі маңызды қадам болып табылады. Келісім ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тануды көздейді, осылайша мүше мемлекеттер арасындағы кәсіби өзара іс-қимыл мен академиялық алмасуды жеңілдетеді. Бүгінгі күні елімізде ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор дипломдары мен 17 мыңнан астам ғалым бар, олардың жұмысы біздің елде ғана емес, шетел елдерінде де танылады және бағаланады. Сенатор Талғат Жүнісовтың айтуынша, «Соңғы 5 жылда Қазақстан аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың елдерінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы 500-ге жуық құжат танылды, ал біздің республикамыздан…
«Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатқанын мәлімдеді. Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Қазгидромет» өкілі Ақтөбе және Қостанай облыстарында тасқынның беті қайта бастағанын атап өтті. Оның сөзінше, алда Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде тасқын басталуы мүмкін. Сонымен қатар, батыс Қазақстан облысында екінші кезеңі басталады. – Ол кезеңнің көзі – Ресей аумағынан келетін судың көлемі. Өйткені Ирикла су қоймасынан келетін судың мөлшері көбейіп, оларда суды күрт түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Жайыққа Башқұрстаннан Сақмар өзені келіп қосылады. Ол жақтан Қазақстаннан кірген Ілек өзені барады. Соның бәрі қосылып, Оралға…