Автор: asylbek

«Бұл, шын мәнінде, ақырзаманның бір түрі». РФ Алтай аймағында 500-ге жуық ғимаратты су басқан. Су тасқынының салдары қандай болады? Су тасқыны наурыз айының соңында басталды. Өңірде төтенше жағдай режимі енгізіліп, көшуге мәжбүр болған тұрғындарды уақытша орналастыру орталықтары құрылды. Алтай өлкесінің билігі алапат су тасқыны қыстағы ауа райының қалыптан тыс жағдайларынан болғанын айтты. «Басында қар өте аз жауды, қатты аяз болды, жер әдеттегіден 50-70 сантиметрге, ал кей жерлерде 1-1,2 метрге қалың қатты», — деді губернатор Виктор Томенко. Одан кейін жылы ауа райы күрт аязға ауысты дейді ол. «Мұз қыртысы қалыңдап, жер бетінде қалың тоң қабат пайда болды, ол судың сіңуіне…

Толығырақ

ХХ ғасыр – алты Алаштың арманын ұлттық идея мен ұлттық бірлікке ұйыстырған қазақ интелигенцияларының алтын ғасыры. Олардың барлығы да қоғамның түрлі тарабынан шыққан оқыған, зиялы, интелигент, креативті ойлы ұлт зиялылар Алаш қайраткерлері тек қана партиялық ұйымдастыру, саяси қайраткерлік істерімен ғана ерекшеленбеді, олар қазақ тарихы мен әдебиетіне, ғылымы мен білім саласына, мәдениет пен руханиятқа өз іздерін қалдырды. Осындай ұлт арыстарының басын біріктірген Алаш идеясы Алаш автономиясын құруға алып келді. Олардың мемлекет құруға ұмтылған ерекше көзқарастары бүгінгі қазақ мемлекетінің жарқын идеясына айналып отыр. Міржақып Дулатұлының «Автономия алу – мемлекет болды дегенмен бірдей. Біз енді өз алдымызға мемлекет боламыз деп тұрмыз» деген сөзін…

Толығырақ

Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар Ақмола облысының Қоянды, Қараөткел, Талапкер, Арайлы ауылдарында жүргізілуде. Күн сайын су айдау жұмыстарына жеке құрамның 60-қа жуық адамы және 15-тен астам ТЖД-ның бірлік техника жұмылдырылды.

Толығырақ

Сәуір айынан бастап қазақстандық емханалардағы динамикалық бақылау тәртібі, сондай-ақ жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен мамандандырылған мамандар жұмысының алгоритмі өзгереді. Пациенттер терапевттің жолдамасынсыз мамандарға бара алады. Пациент келесі жағдайларда жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасынсыз мамандандырылған дәрігерге тікелей бара алады: — төтенше жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар; — шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету; — дерматовенерологиялық профильді аурулар; — тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына жазылу; — онколог пен онкогематологтың қабылдауы; — диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, невропатолог, хирургтың қабылдауына жазылу; — мамандандырылған маманның тағайындауы бойынша қайталану; — жастар денсаулық орталықтарындағы мамандардың қабылдауына; — жылжымалы…

Толығырақ

Руслан Жақсылықов:  әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде айтты. Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды;  Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру ісі жөнінде мәлімет берді;  еліміздің ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылға жоспарланған шаралар, сондай-ақ ауқымды оқу-жаттығу жиындарын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізу жайында айтты;  ведомствоның жауынгерлік-патриоттық тәрбие беру, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін және әскери қызметтің…

Толығырақ

Үкіметтің бағалауынша, бұл «республикадағы соңғы жылдардағы ең кең ауқымды тасқын» көрінеді. Үйлерін тастап, босыған халықтың саны 15 мыңға дейін жетуі ғажап емес. Бүгінде 12 мыңнан асқан. ТЖМ енді ғана қауырт желілерді іске қосты. Еліміздің әсіресе, Батыс және Солтүстік облыстарындағы ахуал аса күрделі көрінеді. Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарында су деңгейі көтеріліп кетті. Бұл ретте шенеуніктердің, әкімқаралардың «апат айтып келмейді» дегенді жиі қайталап, жөнсіз ақталуы бұқараның ашуын туғызды. «Сонда апат біздің Үкіметке үнемі есеп беріп, құлақтандыру жасап тұруы керек пе? Жылда наурызда көктем келіп, қар ериді. Арнасын бекітпесе, өзен-көлдер тасиды, су қоймалары көнерген бөгетін бұзады. Көктемнің жылда…

Толығырақ

1 сәуір күні таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н.Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі белгісіз ер адам аялдама павильонының шыныларын сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл ақпарат барлық кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілді. Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алды.Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады, алайда полицейлер мінген автопатруль келгенге дейін бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың шынысын зақымдап үлгерген.

Толығырақ

2024 жылғы 1 сәуірде Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғынды ұстады, — делінген ҰҚК хабарында. Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикал діни идеологияны ұстанушы екені айтылады. Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды, — деді ҰҚК.

Толығырақ