Автор: asylbek

Атырауда өткен үшінші Құрылтайда Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы, саясаткер Азаматхан Әміртаев еліміздегі өңдіріс орындары төлеп жатқан  экологиялық эмиссияны көбейту мәселесін көтерген еді. А.Әміртаев Қазақстандық өндіріс компаниялары қоқыс қалдықтары үшін 72 тенге ғана төлейтінін айтқан еді. Кеше ғана Kazinform агенттігі «Қашаған операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компания Н.В». (NCOC) экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 12,4 млрд теңге мөлшерінде айыппұл төледі», деп хабарлады. — 2022 жылы экологиялық инспекция «Норт Каспиан Оперейтинг Компания Н.В». (NCOC) компаниясының теңіз кешенін тексеру нәтижелері бойынша экологиялық талаптардың нормаларын бұзу, оның ішінде күкіртті газды экологиялық рұқсатсыз жағу, өндірістік суларды Каспий теңізіне тазартусыз ағызу фактілерін анықтады. NCOC-қа қатысты…

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады.

Толығырақ

Кеңес Одағы кезінде Арал теңізіндегі «Возрождение» аралында әскери  аса құпия нысан болғанын екінің бірі білмес. Аралда биологиялық қаруды сынауға арналған әлемдегі ең ірі полигонның бірі болды.  Полигонда  сібір жарасы мен басқа да ауруларды тарататын  биологиялық қаруды сынайтын. Аралда  сынақтарда пайдаланылған 1500-ға жуық адам мен  мыңдаған жануарлар — қояндар, теңіз шошқалары, маймылдар, қойлар, есектер, тышқандар,  жылқылар болған. National Geographic каналының тілшісі Марк Синноттің айтуынша,  «Возрождение» аралындағы нысан Кеңес қарулы күштерінің микробиологиялық соғысты жүргізуге арналған тобына арналған.   Аралға мыңдаған жануарлар жіберіліп, олар сібір жарасы, шешек, оба, бруцеллез және басқа да биологиялық агенттермен зақымданған. Кеңес Одағы күйреген соң Арал теңізіндегі «Возрождение» аралындағы…

Толығырақ

. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы су тасқынында қалған ауыл тұрғындары мектепте эвакуацияланған. «Мүмкіндігінше, мектеке эвакуацияландық. Мұнда жарық та, жылу да жоқ. Бес айлық баладан бастап ақсақалдарға дейін 350-ден астам адам бар. Мектептің өзінде қабырғаларда жарықтар пайда болады. Біз адам емеспіз бе? ТЖМ қайда?!»- деді ауыл тұрғындары әлеуметтік желілерде. Ауыл тұрғындары мектептен адамдарды эвакуациялауы керек тікұшақты видеодан көрсетті. Алайда ол қонбаған. “Эвакуациялық пункт болып табылатын мектептің айналасы сумен толғандықтан, қону мүмкін болмады. Күту кезінде Берсиева ауылында ғимарат төбесіндегі 13 адам өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы ақпарат келгендіктен экипаж соған кетуге шешім қабылдады”,- деді Қорғаныс министрлігі.

Толығырақ

Біздің айналамыздағы жанды және жансыз дүниелердің барлығы қоршаған ортаға жатады. Бүгінгі таңда қоршаған ортаға тікелей және жанама түрде қауіп төніп жатыр. Технологияның дамуы түрлі мүмкіндіктерге жол ашқанымен, табиғатқа зиянын тигізбей қоймайды. Ластану, жаһандық жылыну, өндірістік қалдықтар, озон қабатының бұзылуы, табиғи ресурстардың сарқылуы, жер бетіндегі адам санының артуы, орман ағаштарын кесу, климаттың өзгеруі, адамдардан қалған қоқыс, пластика қалдықтары – аталған факторлардың барлығы экологиялық апатқа алып келеді. Қазіргі заманның ең үлкен экологиялық мәселелері қандай? Қоқыс. Азық-түлік қалдықтары. Адамның тұтынуына арналған азық-түліктің үштен бір бөлігі ысырап болып жатыр. Ол дегеніміз, шамамен 1,3 миллиард тонна тамақ текке кетіп жатыр деген сөз. Осындай ысыраптың алдын алатын…

Толығырақ

Әлемдегі тұңғыш ядролық қару 1945 жылы 16 шілдеде АҚШ-тың Нью-Мексико штатында сынақтан өткізілді, дәл осы жағдай КСРО-ның АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешеніне қарсы тұра алатын өз жүйесін құруына себепші болды. 1949 жылға қарай Кеңес Одағының әскери қалқаны — Семей полигоны құрылды. Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағы 1949 жылы 29 тамызда өткізілді. Жарылыс жерден 30 метр биіктікте болды, оның қуаты 20 килотоннаны құрады КСРО-ның алғашқы атом бомбасы Жарылыстан кейін мұнара толық жойылып, оның орнында шұңқыр пайда болды. Бірақ негізгі залалдар соққы толқынынан туындады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, келесі күні, яғни, 30 тамызда тәжірибе алаңына барған кезде, сынаққа қатысушылар жантүршігерлік жағдайды көреді: темір жол мен тас жол көпірлері қирап,…

Толығырақ

Аталмыш су қоры жер бетінен 150 метрден 900 метрге дейін терендікте жатыр.  Зерттеу материалда жауын-шашын түрінде түскен ылғалдың қарағайлы орман алқабының әсерінен жерге сіңіп жатқаны жазылады.  Елімізде ауыз су мәселесі мәселесі жыл өткен сайын өзекті болып барады. Себебі, еліміз су ресурсы өте тапшы елдер санатына жататыны белгілі. Біріккен Ұлттар ұйымының мәліметіне сенсек, 2030 жылға қарай елімізде ауыз су ғана жалпы су тапшылығына ұрынуы мүмкін екен. Ал 2050 жылға қарай еліміз «суға өте мұқтаж» елдердің санатына қосылады деген қорқынышты дерек тағы бар.  Ендеше жерасты су қоры мол Қазақстан неге ауыз суға зәру?   Қазірдің өзінде елімізде 600 мыңнан астам адам таза…

Толығырақ

Алашорда қайраткерлерінің ішінде қарағайға қарсы біткен бұтақтай, жүрек жұтқан азаматтың бірі — Торғай облыстық Әскери кеңесінің төрағасы Мырзағазы Есболов. Мырзағазы 1929 жылы Мәскеудегі Бутырка түрмесінде жатқанда көргі камерадағы Міржақыпқа былай деп хат жазыпты: “Жауап басталды. Бірте-бірте бәрімізге де келеді ғой. Сондықтан мүмкін болғанша сөзді бір ізге салған жөн ғой. Көпірде түйенің үлкені таяқ жейді. Әлбетте, салмақ төртеуімізге [Байтұрсынов, Дулатов, Ғаббасов] түседі, бұл анық. Мен бұлай ойлаймын: біз кеңес жағындамыз. Қазақ үшін олардың болуы мүмкін пайдалы. Бірақ бұл сөздерден қазақтың бар мақсаты орындалды дей алмаймыз. Қужақ [Голощекин] барғаннан бастап, отаршылдық саясат басталып, жүріп жатқанын айту, қазақтың қолынан іс келетін азаматтарын бірін…

Толығырақ

Бүгін облыс әкімдігінде облыстық басқармалар мен департаменттер басшыларының, аудандар мен қалалар әкімдерінің қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді. Күн тәртібінде облыста су тасқыны кезеңінің өту барысы туралы мәселе қаралды. Өңір басшысы облыста су тасқыны жағдайы күрделі екенін атап өтті. «Биылғы жылы жауын-шашын өте көп болды, ылғалмен қаныққан топырақ қатып қалды. Егістіктерде нормадан бірнеше есе көп қар жиналуы, ол еріген кезде елді мекендерге түседі. Кеше мен, ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаевпен бірге Қылшақты өзеніне аэровизуалды тексеру жүргіздім, оның барысында ағынның қалыптасуы белсенді жүріп жатқаны анықталды, су өзен арнасына еніп тасып кетеді. Әлеуметтік желілерде пайда болған су тасқыны туралы көптеген жағымсыз жарияланымдар — әкімдердің халықпен жұмысының нақты көрінісі. Өткен жылдан бері бірнеше рет отырыстар өткізіліп, онда су тасқынына толық дайындықты қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелді, алайда жағдай бұл міндеттердің орындалмағанын көрсетіп отыр», — деді М.Ахметжанов. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев су тасқыны туралы соңғы мәліметтерді баяндады. «Бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы, әсіресе Целиноград, Аршалы аудандарында және Көкшетау қаласында күрделі болып отыр. Барлық аудандарда су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізіледі. Өзендерден су ағуына байланысты Астрахан, Зеренді, Сандықтау, Атбасар аудандарында қауіп бар. Қосымша күш Жамбыл, Қарағанды облыстарының ТЖД-дан және Астана қаласынан келді», — деді Қ.Доспаев Марат Ахметжанов су басу мүмкіндігін болдырмау үшін барлық құзыретті мемлекеттік органдарға бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.  «Аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан су өткізу құбырларын тазалауды аяқтауды тапсырамын. Төтенше жағдай уақытты таңдамайды. Халыққа жедел және сенімді ақпаратты жеткізу қажет. Тұрғындар өздері тұратын жерде қандай шаралар қолданылып жатқаны және қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы уақтылы хабардар болуы тиіс. Тұрғындары эвакуацияланған үйлерде халықтың мүлкін қорғау үшін блок бекеттер қойып, тонау фактілері жол берлмесін», — деп қорытындылады М.Ахметжанов.  

Толығырақ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдаймен танысты Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді. Өңірде арнайы құрылған комиссия табиғи апаттан келген шығынды есептеуді бастады. Роман Скляр барлық бағыт бойынша су тасқынына қарсы күресті күшейтуді және тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші кезекте қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі

Толығырақ