Автор: asylbek

Мамандар «елімізде тағдыры осынша талқыға түскен бірде-бір нысан жоқ» деп отыр. Арал аймағы апатының басты себебі – 1912 жылы патшалық Ресей қоластындағы отар елдерге Орта Азияның оңтүстігінде мақта егуді жоспарлауы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Аталған идеяны патшалық Ресейдің ауылшаруашылық министрі Кривошейн көтеріпті. Бұл дерекке өлкетанушы Әлібек Сабырбаев тарихи құжаттар арқылы көз жеткізген. «Қолдан жасалған, жоспарлы түрде патшалық Ресейден басталған Арал теңізін жою КСРО-ның кезінде жоғары қарқынмен жүзеге асты. Бұл туралы ұлт қайраткері Мұстафа Шоқай 1929-1930 жылдары Польша жерінде тұрып жатқанымен, Қазақстан мен Өзбекстанда болып жатқан большевиктердің жергілікті халықты мақта өсіруге күштеп жұмылдырғанын мақаларында ашық жазған. «Бұл кезде Кривошейн Түркістанда жаңа суармалы жерлер ашпай…

Толығырақ

«Мектептегі оқушылардың арасында да осы ойыннан хабары бар. Бұл мәселеге қатысты 8 университетке бардым. Жоғары оқу орындарында лудомандар көп екені, кейбір университеттерде олардың саны 30-40 пайызға дейін жететіні айтылып жатыр. Ерлер де, қыздар да ойнап жүр. Осыған байланысты оқу орындарының басшылығы заңды қатаңдату мәселесін көтеріп отыр», — деді Руслан Берденов Мәжілісте.

Толығырақ

Кеше Алакөл көліндегі Жайпақ ауылынан 5 шақырым жерде желдің 12 м/с дейін күшеюіне байланысты балықшы болған мұздың бөлінуі болды. ТЖД құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Бүгін сағат 14:54-те құтқарушылар күшімен қайтыс болған балықшының денесі су қоймасынан шығарылды. ТЖМ мұздың қазір өте нәзік екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді. Спасатели области Жетісу извлекли из водоема тело погибшего рыбака Вчера в 5 километрах от села Жайпак на озере Алаколь из-за усиления ветра до 12 м/с произошел откол льдины с рыбаком. Спасатели ДЧС незамдлительно приступили к поисково-спасательным работам. Сегодня в 14:54 силами спасателей тело погибшего рыбака было извлечено из водоема. МЧС предупреждает,…

Толығырақ

Соңғы бірнеше күн бойы еліміздің көптеген өңірлерінде су тасқыны болып тұрғындардың зардап шегіп жатқаны белгілі. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдер жұмыс жасап жатыр. Дегенмен тұрғындарға келтірілген зардаптың көлемі мен көрсетілетін жәрдемақы көлемі әлі анықталған жоқ. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов шұғыл тапсырмалар берді. Қазіргі таңда вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе өңірінде жүр. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына жәрдем беру жұмысы жалғасуда. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы, саясаткер Азаматхан Әміртаев Астанаға іргелес орналасқан Қоянды ауылына барып тұрғындармен кездесті. Сонымен қатар «Байтақ» жасылдар партиясында колл-орталық ашылып, штаб құрылды. Партияның атқарушысы хатшысы Нұрлан Көптілеутегі Қостанай облысына аттанса, барлық партияның филиал басшылары өз өңірлерінде жұмыс…

Толығырақ

Мәжіліске Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режепов келді. Депутаттар Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Мархабат Жайымбетов дипломатпен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.Түрікменстанмен парламентаралық достық тобының жетекшісі Бақтықожа Ізмұхамбетов Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумын кеңейтілген құрамда өткізу бастамасын қолдайтынын жеткізді. Мұндай форум алғаш рет 2022 жылы мамырда Ашхабадта өткен болатын. Өз кезегінде Елші Батыр Режепов қазақ-түрікмен парламентаралық байланысын жандандыру елдер арасындағы саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Тараптар XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатымен Достық, тату көрші және ынтымақтастық туралы шартқа қол қою рәсімін аяқтау үшін күш-жігерді біріктіруге келісті.

Толығырақ

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Комиссия отырысы жаңартылған құрамда өтті. Комиссияның жаңартылған құрамына «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Ғаниқызы Нұрғазиева мен Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Советұлы Бәшімов кірді. Отырыс қорытындысына сәйкес Комиссия келесідей шешімдер қабылдады. ➤ Жалпы көлемі 85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы бірқатар келісімдер мақұлданды. ➤ Мемлекетке қайтару жоспарланып отырған активтердің қатарында Қазақстандағы және шетелдегі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақшалай қаражат, компаниялардағы үлестер, қымбат зергерлік бұйымдар, 10 мың гектардан астам жер бар. ➤ Сонымен қатар бұрын мемлекеттен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару…

Толығырақ

Алматыдағы тұңғыш президент саябағында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші туралы Азаттық сауалына қала әкімі аппаратының баспасөз қызметі осылай жауап берді.

Толығырақ

Бұрын мен тұрған ауыл  (Жамбыл облысы, Жуалы ауданы) суы сыртқа шығып жататын сор болған екен. “Қазақтар “Жаңаталап” деп аталатын көрші ауылда тұрған. Себебі, біздің ауылда адам баласына тұру мүмкін емес еді” деп еді марқұм анашым. Сосын сор басқан ауылға жер аударылған немістер көшіп келіпті. Ауыл атауын Кеңес үкіметі “Октябрь” деп қойып береді. “Сол немістер аз жылда ауылды гүл-гүл жайнатты” деп еді анам. Сонда ең бірінші олардың жасағаны — терең арықтар, каналдар еді. Ол каналдар әр жерлерде су жиналатын көлшіктермен түйінделіп отырады. Шөбі шүйгін, табиғаты тамаша. Осы күндері су басып жатқан ауылдарға қарап, немістердің сол кездегі технологиялық және білім жетістігіне әлі…

Толығырақ

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың хабарлауынша, «Оператор РОП» утильалым саласындағы монополиясы толық аяқталды. Бұған дейін халықтың наразылығын тудырған «Оператор РОП» -тың жыры аяқталған сияқты. Бұл зауыттың мүлкі Мемлекеттік мүлік Комитетінің қарамағына берілді. Утилизациямен елдегі 196  компания айналысатын болады. Олардың утильалым бағасына әсері мен жалпы жұмыс алгоритмі туралы министр нақтыламады. Алдағы уақытта білетін боламыз.

Толығырақ