- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
Бүгін Астанада халықпен кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидатын еске салды. «МӘМС жүйесі — жинақтаушы емес және дербес шоттарды көздемейді, бірақ ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл медициналық көмекке жүгінбейтін азаматтардың жарналары жоғалып кетпейді, қайтарылмайды, бірақ емделуге мұқтаж басқа пациенттерге қайта бөлінеді дегенді білдіреді», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы. Бұл, әсіресе, құны 1 млн. теңгеден 40 млн. теңгеге дейінгі қымбат тұратын медициналық көмек көрсету жағдайларында, жинақтау жүйесі шеңберінде мүмкін емес айрықша технологияларды қолдану жағдайларында өте маңызды, деп қосты Ақмарал Әлназарова.
Жапон елі мұхиттың үстіне биік қабатты үй тұрғызып жатқанда, біз тақыр жерде отырып жәй ғана қардың еріген суын игере алмай отырмыз. Отыз жылда мықты мамандар жемқорлыққа батқан елден безіп, шет елге кетті. Нәтижесінде зардабын қара халық көріп отыр. Бізде мықты инженер мамандарға мүмкіндік бергенде, бұндай апат болмас еді. Біздің еліміздің жеріне өзгелер қызыға және қызғана қарайды. Оны игере алмай жатқан өзіміз. Қардың еріген суын, үлкен су қоймасын жасап сонда жинап, жазда егістікке пайдалансақта болар еді. Әттең оған жемқорлардың басы жетпейді. Жыл сайын су тасқынан құтқаруға миллиардтап ақша бөле бермей, Жапон елінің мықты инженер технологтарын шақырып бір жолата шешіңдерші. Су таситын…
Шымкентте түзету мекемесінен жазасын өтеп шыққан қарияны қарттар үйі қабылдаудан бас тартқан. Ер кісі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінен көмек сұраған. Түрмеден бостандыққа шыққан ер кісі үй-күйсіз жүрген. Оның қалада туыстары да жоқ, жалғыз қалған. Сәйкесінше оның тұрғылықты жері де, тіркеуі де болмаған.Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі араласып, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ол Қарттар үйіне орналастырылды. Оның жеке куәлігі жоқ екенін білген мамандар құжатын қалпына келтіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген екен. Ал Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығы оның құжаттарын рәсімдеуден бас тартқан. «Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі өтініш берушіге тиісті құжаттарды жинауға және өңдеуге көмектесіп,…
Козак Қазақстанда былтыр наурызда қамалған. Ақпаратқа қарағанда, оған Ресейде «терроризмді ақтау» бабы бойынша айып тағылып, іздеу жарияланған. Козак 2018 жылы ФСБ-ның Архангельскідегі ғимараты алдында өзін-өзі жарып жіберген студент Михаил Жлобицкий туралы әлеуметтік желіде пост жазған. Осыдан соң оның үстінен «терроризмді ақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тінту жүргізілген. Козактың өзі ақпарат құралдарына «жазбасында Жлобицкийдің әрекетін ақтамағанын» айтқан.
Аймақта еріген қар суының салдарынан бөгеттер мен елді мекендерді су басқан болатын. Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне қайтты. Қазіргі уақытта ЖАО мен облыстың ТЖД мамандары тарапынан еріген суды бұруға барлық шаралар қабылданды. Бүгінде су деңгейі төмендеді. Бүгінде аудандардағы жағдай тұрақты.
Айтбек Амангелді фотосуреттен Нүкенованың бет-жүзі көргеннен көрген соң үйіне іздеп барып, қарындасын алып кетпек болған. Салтанат пәтер есігін ашпады. Сол соққыдан қайтыс болып кетуі де мүмкін деген түрлі ойлар келді. Полицияға хабарластым. Келіп, есікті бұзуын сұрадым. Біраз уақыттан кейін Салтанат есікті ашты. «Заттарыңды жина да, кетеміз» дедім. Ол өзінің ересек адам екенін, Қуандықты жақсы көретінін және некені сақтап қалатынын айтты. Бұдан қаттырақ ұрса сені өлтіреді деп айттым, – деді Айтбек Амангелді сот отырысында
Жетісу өңірінде халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын инвесторлар салады. «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында әуе айлағы пайда болмақ. Қазақстан-Германия бірлескен жобасы 250 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, үш кезеңде жүзеге асырылады. 700 жұмыс орны ашылады. «Өнімділігі – 50 мың тонна жүк, жолаушылар терминалының өткізу қабілеті – сағатына 500 адамға дейін. Жобаны жүзеге асырудың негізгі мәселелері мен перспективаларын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесуінде талқылады», –деп мәлімдеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын, оның ішінде баспа басылымдарын мемлекеттік қолдау туралы кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бүгінде елімізде төрт мыңға жуық газет-журнал шығарылатынын айтты. Оның сөзінше, 2024 жылы газетке 360 312 жеке тұлға және 7687 заңды тұлға жазылған. Вице-министр газет-журналдарды өңірлерге, оның ішінде шалғай ауылдарға дер кезінде жеткізу және қаржыландыру мәселесі жыл соңына дейін шешілетінін жеткізді. Сондай-ақ министрлік банк қосымшасы арқылы газеттер мен журналдарға онлайн жазылу мүмкіндігін ұйымдастырған. Отырысқа қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Депутаттар мемлекеттік ақпарат…
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын дамыту перспективалары талқыланды. Жиынға комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік етті. Комитет төрағасы Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға қысқартуға міндеттеме алғанын айтты. Бұл 2030 жылға қарай 327 миллион тонна СО2 болады. Мақсатқа жетудің негізгі құралдарының бірі – шығарындыларды саудалау жүйесі (ШСЖ). Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ШСЖ аясында 2021 жылдан бастап қондырғыларға квоталар толығымен салыстыру әдісін қолдану негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Бұл берілген квоталар бойынша қондырғылар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және кәсіпорындарды шығарындыларды азайтуға ынталандырады. Бұл ретте Еділ Жаңбыршин жыл сайынғы 1,5 пайыздық…
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасын дамыту перспективалары талқыланды. Жиынға комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин жетекшілік етті. Комитет төрағасы Қазақстан парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15 пайызға қысқартуға міндеттеме алғанын айтты. Бұл 2030 жылға қарай 327 миллион тонна СО2 болады. Мақсатқа жетудің негізгі құралдарының бірі – шығарындыларды саудалау жүйесі (ШСЖ). Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ШСЖ аясында 2021 жылдан бастап қондырғыларға квоталар толығымен салыстыру әдісін қолдану негізінде жүзеге асырылатынын айтты. Бұл берілген квоталар бойынша қондырғылар арасындағы бәсекелестікке ықпал етеді және кәсіпорындарды шығарындыларды азайтуға ынталандырады. Бұл ретте Еділ Жаңбыршин жыл сайынғы 1,5 пайыздық…