Автор: asylbek

Таскөмір – жылу мен энергияның көзі. Таскөмір туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. ІV ғасырдағы грек ғалымы Аристотельдің еңбектерінде кездеседі екен. Таскөмір – бүкіл әлемдік сатылымда өзінің мөлшері бойынша алғашқы жиырмалыққа енетін шикізат. Оның қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орынға ие. Өзімізді көмірмен қамтамасыз етумен қатар әлемдік нарыққа шығаруға толық қуаттымыз. Қазақстанда көмір кенорындары аз емес. Солардың ішінде Қарағанды көмір алабының орны ерекше. Біз мақаламызда Қарағанды көмір шахтасының үш ғасыр жүзіндегі даму жолдары туралы қарастырмақпыз. Жалпы алғанда Қарағанды көмірінің тарихы туралы көптеген аңыздар айтылады. Солардың бірі де бірегейі – Байжан баласы Аппақ атты малшы қазақтың суыр інінен шығып жатқан көмірді тауып алып келіп,…

Толығырақ

Түркі әлеміндегі абайтану Абай Құнанбайұлының шығармашылығы тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі әлемі әдебиетінің тарихы мен теориясында ерекше орын алады. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, демократ, қазақ ақындық поэзиясының ірі реформаторы Абай шығыс ойшылдарының бірі ретінде танылды. Алаш қайраткерлері Абайды ерте кезден танып біліп қазақ арасына насихаттап қоймай, оны өркениетті елдерге танытуда, туысқан түрік халықтарының мұрасын дәріптеуде де ерекше атсалысты. Мұның астарында қазақ оқыған зиялыларының «Алаш» архетипін тірілтіп, алты алаш, тұтас түрік жұртының азаттығын көксеу жолында Абайды бағдарға алып, жол тартты. Ерте дәуірден етене, жақын әрі туыстық байланысын үзбей жалғап келе жатқан жақын қазақ пен қырғыз халқының өзара мәдени,…

Толығырақ

Ulysmedia.kz дереккөздеріне сәйкес, егер АМӨЗ сатып алуға «Лукойл» компаниясы қызығушылық танытса, Павлодар мұнай-химия зауытын сатып алу туралы «Газпром» басшылығы ойланып отыр. «Argus Каспий нарығы» басылымы салалық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, мемлекет алдағы екі жылда Атырау және Павлодар МӨЗ-ін жекешелендіруді жоспарлап отырғанын жазады. «2025 жылы бірыңғай энергетикалық нарық болады. МӨЗ-ді жекешелендіру сәл ертерек. ЖЭО-ны жекешелендіру инвестордың ҚДБ-дан әрдайым ақша ала алатынын, сәйкесінше асықпайтынын көрсетті», — деп топшылайды Ulysmedia.kz. дереккөздері. Ulysmedia.kz бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында кім кіммен күресіп жатқаны жөнінде сұраққа жауап іздеген болатын. Ол жерден Ғалымжан Жусанбаевтың кеткеннен кейін үлкен дау туындаған еді. Бұдан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жусанбаев…

Толығырақ

. Бүгін Астанада Кипр Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов пен Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбос қол қойды. Бұл халықаралық құжат қазақстандық азаматтарға Кипрде жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда тағайындалған жазаларын өз елімізде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сотталғандарды олардың азаматтық қатыстылығы қоғамында оңалту және ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Кипрдің азаматтары да Қазақстанда сотталған жағдайда осындай мүмкіндікке ие болады. Мұндай түрдегі халықаралық келісімдерді жасасу Қазақстан Конституциясының 11-бабының талаптарымен көзделген, оған сәйкес мемлекет…

Толығырақ

ХХ ғасырдың басына дейін планетамыз қазіргідей ластанбаған еді. Себебі, тұрмыстық заттардың көпшілігі қолдан жасалған, жиі қайта пайдаланатын және жалпы бағасы жоғары болатын. Оларды қоқысқа лақтырудан бұрын ұзақ пайдаланатын. Табиғаттың ластану проблемасы 1900 жылдары басталып, 1950 жылдары пластикті кеңінен қолдану кезінде үдей түсті. Үйдегі кез келген зат жиі қоқысқа тасталатын болды. Олар тіпті табиғатқа еніп, оны улай бастады. Бұл қоқыстардың ішінде өте зияндары бар. Олар қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Люминесцентті электір шамының зияны Шамамен 1990 жылдарға дейін қарапайым қыздыру шамдары жиі қолданылды, олар жиі қызып, көп электр энергиясын қажет етті. Бірақ содан кейін люминесцентті шамдар…

Толығырақ

Әлемдегі күрделі экологиялық жағдай бүгінгі күннің өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Адам баласының шаруашылықтағы кез келген әрекетінен шыққан әртүрлі қалдықтар биосфераны ластауда. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер тудыруып, флора мен фауна түрлерінің азаюына, қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етуде. Қоқыс қалдықтары – қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жер бетіндегі зиянды заттардың жинақталған массасы топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жерасты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Әлемдегі күрделі экологиялық жағдай бүгінгі күннің өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Адам баласының шаруашылықтағы кез келген әрекетінен шыққан әртүрлі қалдықтар биосфераны ластауда. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер тудыруып, флора мен фауна түрлерінің азаюына, қоршаған…

Толығырақ

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын аса қажет болмаса Ресейге бармауға шақырды. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің басшысы Бақыт Қадыров айтқан. 22 наурызда Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залына жасалған шабуылдан соң Ресейде мигранттарға қысым күшейген. Шенеуніктің айтуынша, Ресей билігі елден кетіп және келіп жатқан азаматтарды қатаң тексере бастаған. «Қазір Ресей антитеррор шараларын жүргізіп жатыр. Елден шыққан, кірген азаматтарды шекарада тексеру күшейді. Сондықтан елшілік Ресейге кіруді алдын ала жоспарлауға, қажет болмаса Ресейге бармай тұра тұруға шақырады. Антитеррор шаралары қанша уақытқа созылатыны туралы ақпарат жоқ. Кей азаматтар «қара тізімде» бар не олар құқық бұзған болса,…

Толығырақ

і Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. – Сіздің дана басшылығыңызбен ғажап еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік даму жолында жаңа белестерді бағындырып, халықаралық аренадағы рөлін нығайта түсетініне сенімдімін. Қазақстан мен Индонезия арасында өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген жақсы қарым-қатынас орнаған. Елдеріміздің мүддесіне сай көпжақты ықпалдастықты дамыту үшін бар мүмкіндікті бірлесе пайдалануға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Индонезия Президентінің барлық бастамасы табысты жүзеге асып, халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Толығырақ

Бүгін Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде «Zhas Project» жобасына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Жобаға 18-34 жас аралығындағы (қоса алғанда) NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады. «Zhas Project» жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды жүзеге асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады. Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді. Болашақта 280 жоба іске асырылатын болады.   Өтініштерді қабылдау 24 сәуір…

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі М.А. Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбос мырзамен ресми кездесуі аясында 2024 жылғы 25 наурызда екі елдің авиациялық биліктері дайындаған әуе қатынасы мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Өзара түсіністік туралы меморандум әр тараптың тағайындалған тасымалдаушылары аптасына 7 рейске дейін орындау құқығын көздейді. Сондай-ақ, әр тараптан тасымалдаушылардың бірнеше тағайындалуы қарастырылған. Меморандумға сәйкес қазақстандық әуе компаниялары Кипр Республикасы аумағындағы – Ларнака және Пафос қалаларына, Кипр әуе компаниялары Қазақстан Республикасының аумағындағы — Астана және Алматы қалаларына тасымалдауды орындауға құқылы. Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы экономикалық, іскерлік…

Толығырақ