Автор: asylbek

Қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Мемлекеттік телерадио компаниясы төрағасының орынбасары сынды жауапты жұмыстар атқарды. Жазушының алғашқы әңгімелер мен повестер жинағы 1969 жылы жарыққа шықты. Кейін «Арман азабы» пьесасын, «Есіңде ме сол бір кез», «Хал қалай, жолдас хатшы», «Кешіккен хат» повестерін, «Поляр шеңберінің маңында», «Олар оралған жоқ» секілді роман-эсселер жазды. Қалаубек Тұрсынқұлов аудармашы ретінде де белгілі болды. Ол И.Тургеневтің «Бейбақ», С.Даниловтың «Мангары» повестерін, Л.Н.Толстойдың әңгімелерін және басқа да жазушылардың шығармаларын аударды. Қаламгер әдебиет саласындағы ерен еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Толығырақ

 Елде 300 мыңнан астам адам банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан несие алудан ерікті түрде бас тартқан. Бұл — Стоп кредит қызметінің жемісі. Шартқа сай, азамат Электрондық үкімет порталы арқылы өтініш білдірсе, жаңа кредит рәсімдеуге тыйым 6 ай бойы күшінде болады. Қажеттілік туындаса, шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға рұқсат. Қаржы сарапшылары Стоп кредит қызметін пайдаланудың пайдасы мол дейді.

Толығырақ

Біз елімізді дамыту үшін, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тарихи Армениядан шынайы Армения Республикасына өтуіміз керек. Менің көзқарасым да, қазіргі жағдайды бағалауым да осыған сай келеді. Егер біз осы таңдауды жасамасақ, тарихи Армения жайлы айта берсек, өкінішке орай қазіргі Армения да тарих қойнауына кетуі мүмкін”, — деді. Пашинян Әзербайжан өзіне тиесілі деп санайтын сегіз ауылды Бакуге беріп, бейбіт келісім жасауға шақыруда. Алайда армян қоғамында бұл ұсынысқа қарсы күштер бар.

Толығырақ

 PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев Мәскеудегі теракт Қазақстанға қалай әсер ететіні жөнінде ойын бөлісті. Ол пікірін Qogammetrika телеграм-арнасына жариялады. Сарапшының пайымдауынша, Мәскеудегі терактіден кейін тек Ресейде ғана емес, Қазақстанда да экстремизм және терроризммен күрес күшейеді. Бұл оқиғаны желеу етіп құқық қорғау органдары қосымша құзырет пен қаржыландыру сұрай бастайды. — Тағы да бұрыннан айтып жүрген тезисімді қайталайын: экстремизммен күреске біздің мемлекет қаржына да, құзыретті үйіп-төгіп берген. Тіпті көп жағдайда артық қыламын деп, тыртық қылған. Егер экстремизм профилактикасын күшейтемін десе, осы күні жүргізіліп жатқан іс-шараларды реттесін, кеткен қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағаласын және азаматтық қоғаммен кеңірек жұмыс істесін, — деп жазады…

Толығырақ

Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда ауаның ластануы артады деп күтіледі. Бұған дейін Қазақстан ең лас ауасы бар әлем елдерінің рейтингінде 40-шы орыннан көрінген. Iqair бағалауы бойынша Қазақстанда PM2.5 орташа жылдық концентрациясы (ауа сапасын жіктеуде қолданылатын негізгі ластаушы заттардың бірі) 22,2 мкг/м3 құрады — бұл ДДҰ ұсынымдарынан 3-5 есе жоғары. Ең лас ауасы бар әлем астаналарының рейтингінде Астана 52-ші орында тұр. Қазақстан астанасында PM2. 5 орташа жылдық концентрациясы — 16,8 мкг/м3-ДДҰ ұсынымдарынан 3-5 есе жоғары. Сонымен қатар, Қарағанды әлемдегі ең ластанған қалалар рейтингінде 44-ші орында тұр. Қарағандыда PM2. 5 орташа жылдық концентрациясы — 71,2 мкг/м3-ДДҰ ұсынымдарынан 10 есе артық.

Толығырақ

 Мәскеудің Басманский аудандық соты «Крокус Сити Холлда» адамдарға шабуыл жасады деп айыпталған екі айыпталушыны екі айға қамауға алу жөнінде шешім қабылдады. Іс бойынша әзірге айыпталушының екеуі — Далерджон Мирзоев пен Саидакрам Рачабализодеге адамдар тобымен теракт жасау бабы бойынша (Ресей қылмыстық кодексінің 205-бабы 3-бөлігі «б» тармағы) айып тағылды. Бұл қылмыс үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. 25 жастағы Фаридун Шамсутдин мен Муххамадсобир Файзов та сол залына жеткізілді. Соңғысы есін білмейді. Оны сотқа каталкамен сүйреп әкелді. Журналистерден айыпталушыларға сұрақ қоймауды сұрады, содан кейін сот отырысы жабық өтетіні белгілі болды.

Толығырақ

 Назарбаев Путиннен көмек сұрады ма Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған генерал Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға шартты жаза алды. Бұл үкім 26 ақпанда шыққан. Алайда құқық қорғау органдары ешқандай ақпарат бермей жасырып келген. Дәл қазір Самат Әбіштің ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталып, шартты жаза алып құтылғаны халық арасында наразылық туғызып жатыр.

Толығырақ

Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытайға жұмыс сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ҚКП хатшысы Ма Синжуеммен ҚР мен ҚХР үшін алғашқы маңызды кездесу өткізілді. Кездесу көлік-логистикалық әлеуеттің мүмкіндіктерін нығайту және кеңейту, тараптардың көлік компаниялары үшін жағдайларды жақсарту, сондай-ақ тығыз халықаралық байланыстар орнату шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараның маңыздылығы екі жақтың географиялық орналасуымен және экономикалық мүдделерімен байланысты. Анықтама: Қазақстан аумағында осы өңірлер арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін көптеген автожолдар мен темір жолдар өтеді. Келіссөздер барысында қосымша шекаралық өткізу пункттерін ашу, екі елдің көлік компаниялары арасындағы жүйелі жұмысты күшейту, сондай-ақ халықаралық сауданы жеңілдету жолымен өзара іс-қимылды бірлесіп кеңейту бойынша бірқатар түйінді мәселелер әзірленді.

Толығырақ

Ресей құзырлы органдары мерт болғандардың саны бұдан көп екенін ескертті, жанып кеткен концерттік залдың үйінділерін аршу жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер саны 180 адамнан көп. Бір белгілісі, опат болғандардың басым көпшілігі түтінге тұншығып өлген. ТЖМ мамандары ғимараттың жүк сақталатын қоймаларына, дәретханаларға, басқа да түкпіріне қашып тығылған, сол жерде иіс тиіп, көз жұмған адамдар топтарын тапты.

Толығырақ

. Алматы тұрғындары мен қонақтарына Димаш Құдайберген, «Алашұлы», Ulytau тобы, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Ерке Есмахан, Мөлдір Әуелбекова, Қайрат Нұртас, Қаракат Әбілдина, Дильназ Ахмадиева, Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Айгүл Елшібаева, «Жігіттер» тобы, AYAFUNK, ALPHA, Akha, Yenlik және басқа да көптеген танымал орындаушы өнер көрсетті. Жаңбырлы ауа-райына қарамастан, көрермендердің көңіл-күйі көтеріңкі болды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары танымал ұжымдар мен орындаушылардың өнерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Айтпақшы, Наурызнама кезеңінде алматылықтар мен мегаполис қонақтарына 500-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: қолөнершілер мен қолданбалы өнер көрмелері, кітап жәрмеңкесі, қойылымдар мен концерттер, қайырымдылық іс-шаралар, жастар фестивальдері, заманауи дизайндағы ұлттық киім, зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар ұлттық спорт түрлері.…

Толығырақ