- Әкімдерге құлаққағыс: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
- Қазақстанның мемлекеттік қарызы өсіп барады
- Тарихи нәтиже! Жеті боксшымыз әлем чемпионатының финалына шықты
- Түркістанда құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады
- Алматыда «Медеуге» апаратын жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
- Қытайлық компания еліміздің ауыл шаруашылығына 350 млн доллар инвестиция салады
- Қазақстан ғарышқа өз зымыранын ұшырады
- Маңғыстау облысына бөлінетін автогаз көлемі ұлғайтылды
Автор: asylbek
«Террористерде ұлт та, отан да жоқ…» Бұл туралы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты. Ол қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Су басқан мектептің видеосы Sinegor.kz парақшасында жарияланды. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, су сорғызу жұмыстарына 16 адам мен 6 бірлік техника жұмылдырылған. «Көкше-Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің көмегімен №22 мектептің жертөле ғимаратынан еріген қар суы сорылды. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері де бар», – делінген хабарламада. Су басуға электр желісі кіргізілген тесіктердің дұрыс жабылмауы себеп болыпты. Қазіргі таңда еріген қар суының мектепке ағуы тоқтатылған.
Испанияда қазақстандықтар криптовалютамен алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, ұсталғандар қатарында ұйымдасқан топтың 12 мүшесі бар. Олар Қазақстан, Молдова, Ресей және Украина азаматтары екен. Тергеу қызметінің пікірінше, күдіктілер құны €50 асатын криптовалютамен түрлі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асырып келген. Сонымен қатар Испания провинцияларында 20 алаяқтық операцияны іске асырған.
«Үстілеріне сұйықтық құйып, өртеп жіберді»: Мәскеудегі теракт куәгерлері шабуыл жасағандардың өте мықты дайындықпен келгенін айтты. “Басқалар секілді біз де қаша жөнелдік. Айнала көк түтінге оранды. Белгісіз бір жерден террористтер шықты. Залда отырғандардың басына оқ атты. Қандай күштің көмегімен сыртқа шыққанымызды түсінбей қалдық. Сол кезде қанпезелерден алыс жерде тұрғанымызға қуандық. Есімде қалғаны, әуелі дәретханаға тығылуды жөн көрдік. Есікті ашып қалсақ, онда өлген адамдар жатыр», – деді оқиға куәгері.
Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанғандардың саны 850-ге жетті. «А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. Бұл кезде дене қызуы көтеріліп, бас ауырады. Тәбет төмендеп, енжарлық болады. Жүрек айнып құсады. Инкубациялық кезең – 14 күннен 35 күнге дейін жалғасады», — деді министрліктің баспасөз қызметі.
. Финалда 9 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықса, соның алтауы алтын медаль иеленді. 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай, (63,5 келі) Жандос Қыдырәлиев, (67 келі) Елнұр Сүйінбай (67 келі), Фарух Тоқтасынов (71 келі), Азамат Бектас (75 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (80 келі) өнер көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы оза шапты.
. «Жантүршігерлік қайғылы оқиға болды және кейінгі 20 жылда мұндай ештеңе болмағаны айтылды», – деді теракт болған жерге келген Агаларов. Араз Агаларов оқиғаны жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіруге келмейтінін және лаңкестік әрекет құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулуды және грек халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Бүгінде Грекия Еуропа Одағының белсенді елдерінің бірі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін. Қазақстан мен Грекия арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Келешекте елдеріміз арасындағы ықпалдастық және сан қырлы байланыстар ауқымы одан әрі ұлғая түсетініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулудың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал…
23 наурызда сағат 19:38-де Қызылорда облысы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде жеңіл автокөлікпен кеткен 2 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Іздеу жүргізу нәтижесінде 24 наурыз күні түнгі сағат 01-05-те Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 100 шақырым жерде 1989 және 1994 жылы туған 2 азамат табылды.
KAZINFORM — Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Қазақстан қоржынына Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Эльмир Әлімжанов Париж Олимпиадасының жолдамасын сыйлады. Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласа алады. Бұған Оңтүстік Корея спортшыларының 1/8 финалда Чехиядан жеңілуі себеп болды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кірді. Бұған дейінгі Олимпиададағы көрсеткішіміз: 1996 жыл. 1/16 финал. Вячеслав Григорьев 2012 жыл. 1/16 финал. Дмитрий Алексанин 2012 жыл. 1/8 финал. Эльмир Әлімжанов 2016 жыл.…