Автор: asylbek

KAZINFORM – Бүгінгі таңда төл ойынымыз – тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы барын көпшіліктің бірі білсе, бірі біле бермейді. Тоғызқұмалақ қазақ тарихында қаншалықты маңызға ие? Бұл ойын түрі қашан, қалай пайда болды? Оны танымал тұлғалардан кімдер ойнаған? Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, тоғызқұмалақ ойыны туралы көптеген кітап мен оқулықтардың авторы Мақсат Шотаевпен сұхбаттан оқи аласыздар. Дүние жүзінде тоғызқұмалақ мангала деп аталады — Тоғызқұмалақ – қазақтың дәстүрлі ұлттық ойыны деп, ресми түрде атап келеміз. Жалпы тоғызқұмалақ ойынын қазақ қашаннан бері ойнап келе жатыр? Оның қалай пайда болғанын қысқаша түсіндіріп берсеңіз? — Тоғызқұмалақ ойынының төрт мың жылдық тарихы бар…

Толығырақ

Бизнесті қорғау Агенттіктің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Антикор кәсіпкерлер үшін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске асыруда. «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған сәттен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша 600-ден астам проблемалық кейстер шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілді. Жоба аясында бизнес үшін жүйелі кедергілерді жоюға ерекше назар аударылады. Олардың ең көп саны жер қатынастары, салық салу, мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылым объектілеріне қосылу салаларында анықталды. Мысалы, Ақтөбе облысында «Aqtobe su-energy group» АҚ монополисті кәсіпкерлерден электр қондырғыларын бірлесіп пайдалануға шарт жасасуды талап еткен. Нәтижесінде, 45 кәсіпкер ай сайын 50 мың теңгеден (жалпы сомасы 2,2 млн теңге) төлеуге міндетті…

Толығырақ

Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары мемлекет басшысының құмар ойындарға заң жүзінде шектеу туралы тапсырмасы шеңберінде Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген. Біріншіден. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норманы қарастырып отыр. Сондай-ақ басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады. Екіншіден. Борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылады. Үшіншіден. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау ұсынылады.

Толығырақ

Мәжіліс 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Құжат Қазақстан аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында, сондай-ақ екі тараптың да құзыретті мекемелерін өзгерту бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылайды. Хаттамада мынадай орталық мекемелер айқындалған: Қазақстан тарапынан – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі; Қытай тарапынан – Әділет министрлігі, Жоғарғы Халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық Соты. Бұл өзгерістер азаматтардың өздерінің де, уәкілетті органдардың да өтініштерді құзыретті органнан уағдаласушы тараптардың Жоғарғы сотына дейін қайта жіберу жөніндегі уақытша шығындарын болдырмайды. Бұл…

Толығырақ

Заң жобасына жезөкшелік түсінігі, яғни, сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді көрсету, оның ішінде жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы басқа адамның жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен телекоммуникация және Интернет желісі арқылы көрсету енгізілген. «Жезөкшелік» анықтамасының ұсынылып отырған редакциясы жезөкшеліктің мұндай түрлерін, оның ішінде кәмелетке толмағандарды оған заңсыз тартумен айналысатындарды және болашақта ұйымдастырушыларды ҚР ҚК 134, 308, 309-баптары және ҚР ҚК мен 450 ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатымен әзірленді. Негізгі заң жобасына жаңа ұғымдар енгізіліп, кейбір анықтама халықаралық стандарттарға сәйкестендірілді. Заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберi айқындалып, уәкiлеттi мемлекеттiк орган құрылады, адам саудасына қарсы күрес субъектiлерi мен олардың құзыретi нақтыланады. Сонымен қатар адам саудасының тәуекелін бағалау және құрбандарды қайта бағыттау тетігі енгізіледі. Адам саудасы құрбандарының құқықтары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық негіздері де қарастырылған.

Толығырақ

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау

Толығырақ

Метан — ең қауіпті парниктік газдардың бірі. Ол CO2-ге қарағанда Жер атмосферасындағы жылуды шамамен 23 есе тиімді ұстап тұрады. Сондықтан климаттың өзгеруімен күрес аясында  метан  маңызды құралдардың бірі. Қазақстанды да бұл мәселе сырт айналып кеткен жоқ.   Біз мұнайлы мемлекет ретінде  метан жөніндегі  Жаһандық міндеттемеге қосылдық. Міндеттеме 2030 жылға қарай метан қалдықтарының ауаны ластау мәселесін  2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда  30% -ға қысқартуды көздейді. Бірақ нақты іс-әрекетті көріп отырған жоқпыз. Метан шығарудың басты әлемдік көзі — мұнай-газ секторы. Қазақстан мұнайлы мемлекет ретінде  метан қалдықтарын  көп шығаратын ел  ретінде белгілі. Бірақ, бұл ретте, мұнай компанияларына ауаға шығарып жатқан қалдықтарын  азайту мақсатында мемлекет тарапынан …

Толығырақ

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өз сөзінде Н. Байбазаров атап өткендей, ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашу мақсатында ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы және Іс-қимыл жоспары бекітілді. 2023 жылы ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын іске асыру  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 771 ауылда 194 млрд теңгеге 1,8 мың жоба іске асырылды 113 млрд теңгеге 4,9 мың сумен жабдықтау және су бұру объектілері салынды 85 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері салынды 176 ауыл HotSpot Wi-Fi технологиясына қосылған…

Толығырақ

Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып, 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өткізіліп жатыр. Оған сәйкес, 19 наурыз «Жаңару күні» болып бекітілді. Көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру мақсатында белгіленген мереке туралы El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі білікті маманмен сұхбаттасып, мәселені саралап қайтты. Ағаш егу — ерте заманнан келе жатқан шарапаты мол, сауабы көп іс. Жердің тоңы жібіп, алғашқы көк шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу — әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің экологиялық хал-ахуалын жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыру жайлы эколог Азаматхан Әміртайдан сұрап, жерімізді жасыл аймаққа айналдыру туралы ой-пікірін білген едік. El.kz: Сәлеметсіз бе?! Еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай мәселелерге назар аударған жөн…

Толығырақ