Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаевқа Олимпиялық ойындардың ең техникалы боксшысына берілетін Вел Баркер кубогы қайтарылатын болды. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов айтты. Жағымды жаңалық жетті. Көптен күткен жаңалық. Бақтияр Артаевқа алдағы айда Вэл Баркер кубогы табыс етіледі. Дәл қазір оның дубликаты дайындалып жатыр. Естеріңізде болса, 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Бақтияр Артаев осы жүлдесін ресми түрде Халықаралық бокс федерациясына тапсырған болатын. Сол кезде өте сапалы көшірмесі жасалып, өзіне берілетіні айтылды. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып, енді орындалайын деп жатыр, – деді әріптесіміз. Оның айтуынша, 1936 жылдан бері әр Олимпиадада ең үздік боксшыға берілетін жүлде 2004 жылы қолдан қолға берілмейтін болған.…
Автор: baimedia
Спортшымыз Елена Рыбакина (әлемнің 5-ракетакасы) Абу-Дабиде өткен WTA-500 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік Дарья Касаткинаны (14-ракетка) 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Рыбакина Abu-Dhabi Open жарысындағы жеңістен соң әлемдік рейтингіде келесі аптадан бастап 4-орынға көтеріледі. Бұл – Рыбакинаның биылғы жылғы екінші жеңісі, ал жалпы карьерасындағы жетінші кубогы. Ол биыл қаңтарда Австралияның Брисбен қаласындағы WTA-500 турнирінің финалында беларусь Арина Соболенкодан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанған. Рыбакина Ресейде туған, 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Теннисші 2022 жылы Үлкен дулыға жарыстары қатарына енетін «Уимблдон» добасының жеңімпазы атанған.
Қытайда әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси мен оның Интер Майами футбол командасына байланысты дау өршіп тұр. Дауға Лео Мессидің “Интер Майами” командасының қатысуымен Гонконгте өткен матчта ойнамай қалуы себеп болған. Бұл сондағы жанкүйерлер тарапынан да, билік тарапынан да үлкен наразылық туғызған. Әуелі футболшының матчта ойнайтыны хабарланып, тіпті аргентиналық матч алдында жаттығуға да шыққан. Алайда форвард белгісіз себептермен ойынға шықпай қалды. Алмастыратын ойыншылар қатарында болды. Стадиондағы жанкүйерлердің ашуланғаны соншалық, олар қымбат билет үшін ақшаны қайтаруды талап еткен. Кейін матчты ұйымдастырушылар Мессиді алаңда көрмегендіктен, сатып алынған билеттер құнының жартысын қалайтындардың бәріне ақшаны қайтару туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бірақ америкалық клубтың әрі…
«Барселона» клубының бұрынғы ойыншысы, бразилиялық Дани Алвес 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге сот оған жәбірленушіге 150 мың еуро моральдық өтемақы төлеу туралы шешім шығарды. Қолда бар мәліметке қарағанда, бразилиялық футболшы Барселона қаласының түнгі клубтарының бірінде бір әйелді зорлаған. Ал Алвестің айтуынша, әйелдің өзі келісімін берген. Бірақ сот оның уәжіне қарамай, әйелдің арызын ғана ескеріп, футболшыны 4,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады. Дани Алвес былтыр 23 қаңтарда қамауға алынған болатын. Сол кезден бері қамауда отыр. Камерада ол жалғыз емес. Жанында тағы бір атақты бразилиялық футболшы Роналдиньоның бұрынғы оққағары Коутиньо бар. Алвес оны бұрыннан таниды. Прокурордың айтуынша, қылмыс…
Әлеуметтік желілерде «Шымбұлақ» курортының тағдырына қатысты қызық дерек шықты. ФБРК Telegram-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, кейбір ақпараттарды жариялады. Оған сүйенсек, кейінгі уақытта ірі кәсіпкерлер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын сатып алуға ниетті екені туралы ақпарат пайда болған. Арна мәміле кезінде тиісті заңдар сақталмауы және курорт төмен бағаға сатылуы мүмкін екенін жазды. «Мұның бәрі осыдан 15 жыл бұрын «Шымбұлақ» басшылығы ауқымды жобаны жүзеге асыруға ниеттенгендіктен басталған. Медеуде мейрамханалары мен кафелері бар Radisson қонақүйі, ал Шымбұлақта 8 қабатты қонақүй мен пәтерлер салу жоспарланған. Бұған 1,37 млрд көлемінде инвестиция тарту күтілген. Құрылыс кезеңі төрт жылға есептелген (2007 жылдан 2010 жылға дейін). Мәліметтер бойынша жобаны іске…
Байлар не істемейді? Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев Әбу-Дәбидің өңшең ығай мен сығайлар тұратын Nudra Villas ауданында виллалар кешенінің құрылысын аяқтады, – деп жазады alash.kz сайты Dalanews.kz-ке сілтеп. «Выход к море» телеграм арнасының жазуынша, хан сарайындай виллаларды экс-президенттің күйеу баласының Біріккен араб әмірліктерінде тіркелген құрылыс компаниясы арқылы салған. Әзірше ауқымды жобаның құны жайында нақты ақпарат жоқ. Жылжымайтын мүлік саласы мамандары мұндай ауқымды жобаны салу үшін кемінде 11 млрд теңге керек екенін алға тартыпты. Nudra Villas ауданындағы виллалар кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Әл-Саадият аралындағы кешенде әр түрлі 32 вилла орналасқан. БАӘ тарабы қазақстандық инвесторға виллалардың құрылысын жүргізуге 25 гектар…
Қаланы өз қолында ұстап қалуға Украина армиясына солдат пен снаряд жетпеді. Сонымен, 2024 жылғы 17 ақпанда Украина Қарулы күштерінің жаңа Бас қолбасшысы Александр Сырский Донецк облысындағы Авдеевка қаласынан украиналық әскерлердің шығарылғанын жариялады. Осылайша, украиналық Отан қорғаушылар соғысқа дейін 30 мыңдай тұрғыны болған аудандық маңызы бар шаһарды он жыл қорғады. Донецк қаласына осы Авдеевка биіктен төніп тұрған еді. Одан Донецк қаласына дейінгі қашықтық тура бағытта – 15, автожолдармен 25 шақырымды құрайды. Еш кедергісіз қозғалса, көлік жарты сағатта жетіп барады. Сол себепті Авдеевка Украинаның болашақ контршабуылдары үшін аса маңызды, стратегиялық бекініс ретінде қабылданды. Оны қорғауға бар күшін салды. Сондықтан былтырғы қазан айынан…
Әлем мұнайды саудаға салып жатқанда Суданда 25 млн адам аштықтың зардабын тартып жатыр, деп alash.kz порталы 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Мұндағы ел үкіметтен қайыр болмаған соң атақонысын тастап, бет ауған жаққа босып барады. Бұл туралы БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, күн сайын мыңдаған судандық шекара асады. Былтыр қақтығыс басталған сәуір айынан бері 500 мың тұрғын оңтүстікке қарай өткен. Ұйым өкілдерінің дерегінше, олардың 35%-і аш-жалаңаш, әсіресе, 5 жасқа дейінгі бала көп. «Дұрыс тамақтанбау деңгейі өте жоғары. Әсіресе әйелдер мен балалардың қатты зардап шегіп отырғанын байқаймыз. Сондықтан шекарадан өтіп, транзиттік орталыққа көшкен кезде бірқатар қызмет түрлерін қолжетімді еттік», – деді…
ХАМАС экономикаға баса назар аударып отырғандай кейіп танытты. Шабуылға ашық дайындалды, бірақ Израиль мұны сырт көзге ұйымдастырылған шоу деп түсінді дейді ақпарат көзі. «ОЛАР БІЗДІ ҚАҚПАНҒА ТҮСІРДІ» Палестинаның «ХАМАС» исламшыл тобы Израильге тұтқиылдан шабуыл жасап, бульдозер, дельтаплан және мотоциклмен жабдықталған содырлар Таяу Шығыстың ең мықты әскерін сан соқтырды. Сенбі күнгі шабуыл Израильдің қорғаныс жүйесіне 1973 жылы Араб елдері бастаған соғыстан кейінгі ең ірі сынақ болды. ХАМАС кейінгі екі жылда әскери жоспарын құпия сақтап, «соғысты қаламаймыз» дегенге Израильді сендіруге тырысты. Израиль бітпейтін соғыстан қажыған ХАМАС-ты жеңдік деп ойлап, Газа секторының жұмысшыларына экономикалық ынталандыру шараларын ұсына бастағанда, топ жауынгерлері ашық түрде әскери…
Медеудегі лай көшкіні бөгетінен табылған мәйіттің кім екені анықталды. Марқұм 19 жастағы Жәкежан Сержан Серікұлы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы «Лидер» еріктілер қозғалысы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Полиция дерегі бойынша, ол Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы үйінен 22 ақпанда таңғы сағат 09:00 шамасында шығып кетіп, қайта оралмаған. Қандай жағдайда өлгенін қазір полиция анықтап жатыр. Бұдан өзге мәлімет тергеу құпиясына байланысты жария етілмейді. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тауларында ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. Болжам бойынша ол биіктен құлап кеткен.