• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Шымбұлақ» сатыла ма?

«Шымбұлақ» сатыла ма?

24 февраля, 2024 Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде «Шымбұлақ» курортының тағдырына қатысты қызық дерек шықты.

ФБРК Telegram-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап, кейбір ақпараттарды жариялады. Оған сүйенсек, кейінгі уақытта ірі кәсіпкерлер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын сатып алуға ниетті екені туралы ақпарат пайда болған. Арна мәміле кезінде тиісті заңдар сақталмауы және курорт төмен бағаға сатылуы мүмкін екенін жазды.

«Мұның бәрі осыдан 15 жыл бұрын «Шымбұлақ» басшылығы ауқымды жобаны жүзеге асыруға ниеттенгендіктен басталған. Медеуде мейрамханалары мен кафелері бар Radisson қонақүйі, ал Шымбұлақта 8 қабатты қонақүй мен пәтерлер салу жоспарланған. Бұған 1,37 млрд көлемінде инвестиция тарту күтілген. Құрылыс кезеңі төрт жылға есептелген (2007 жылдан 2010 жылға дейін).

Мәліметтер бойынша жобаны іске асыру үшін «Шымбұлақ» әкімшілігі екі ірі несие алған. Кредиторлардың бірі «Қазкоммерцбанк»(«QAZKOM») болған. Ол жұмыстың бірінші кезеңін жартылай қаржыландырып, шамамен 100 миллион доллар инвестициялаған», – деп жазды Telegram-арна.

Ал жаңа салынатын нысандардан түскен ақшадан кейін несие төленуі керек болған.

«Қазақстанда 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарына дайындық басталып, «Азиадаға» тау шаңғысы нысандарын қайта құру және салу бойынша барлық жұмыс мемлекет есебінен жүзеге асырылды.

2011 жылғы Азиада қарсаңында «Медеу» және «Шымбұлақты» қайта құру жобасының бастамашысы тау шаңғысы курортының иесі «Capital Partners» компаниясы болды. Capital Partners девелоперлік компаниясының иелерінің бірі – Сержан Жұмашев, оған компанияның 60 пайызы тиесілі, акциялардың қалған 40 пайызы түрік кәсіпкері Бурак Ойменнің иелігінде», – деп жазылған Telegram-арна мәліметінде.

Алайда кейін ешкім несие бойынша есеп айырысуға асықпаған. 2017 жылдан бастап талап ету құқығы «Проблемалық несиелер қорына» өткен. 2022 жылы ол әлеуетті инвесторға «Chimbulak Development» ЖШС және «Алатау Холдинг» ЖШС қарыз алушыларына қойылатын талап құқығын беруге дайын болыпты және «Шымбұлақ» үшін әлеуетті инвесторлар іздеу туралы бірнеше рет хабарландыру жариялаған. Алайда тау шаңғысы курортына ақша құйғысы келетіндер табылмаған.

«Бүгінгі таңда «Chimbulak Development» ЖШС құрылтайшылары – Ержан Еркінбаев және Нұрлан Тілеповке тиесілі «Chimbulak Investments» ЖШС. Ержан Еркінбаев «Medeu Management» ЖШС-на да иелік етеді.

Нұрлан Тілеповке тиесілі «Chimbulak Investments» ЖШС 2017 жылдан бастап бар болғаны 15 мың теңге салық төлеген. Тілепов 650 миллион теңгеге жуық сомаға салық берешегі бар «Си Пи Резиденшиал Атырау» ЖШС және 51 млрд теңгеге «First Heartland Jusan Bank» АҚ алдында борышы бар «Капитал Пропертис» компаниясы» ЖШС-на иелік етеді», – деп жазылған деректе.

Сонымен қатар, арна мәліметінше, «Chimbulak Development» ЖШС бұрынғы бас директоры Ержан Еркінбаев сұхбаттарының бірінде курорттың қызмет көрсету инфрақұрылымы өте қымбат екенін, физикалық тұрғыдан курорт келушілердің мұнша көп санын қабылдай алмайтынын, бұл ретте долларлық қарыз тек өсіп келе жатқанын айтқан. 2019 жылғы тамыздағы жағдай бойынша «Шымбұлақтың» борышы триллион теңгеден асып кеткен.

Ал «Алатау Холдинг» ЖШС құрылтайшылары – Равиль Мұсаев пен Ернар Бекболатов.

«Бұл компаниялар мен олардың иелерінің төлем қабілеттілігін ескере отырып, «Проблемалық кредиттер қоры» «Шымбұлақ» несиесін өзіне алғаны таңғаларлық жағдай емес. Сонымен қатар, 2023 жылдың жазында Іле-Алатау ұлттық паркі аумағының едәуір бөлігі Алматы әкімдігіне берілуі мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды. Бұл жерлерге Бутаковка және Алма-Арасан шатқалдары, Медеу және Шымбұлақ кіреді», – деп жазылған арна мәліметтерінде.

Кейін әкімдік туристік әлеуетті арттыру мақсатында аумақтың бір бөлігін алу жоспары барын растапты. Ал бұл уақытта экология министрі Ерлан Нысанбаев алаңдауға ешқандай себеп жоғын айтып, ұлттық парк жерлерін берудің арқасында осы аумақта экотуризмді қаржыландыру мен дамыту жақсаратынына сендірген.

«Экологтар ұлттық парк аумағына туристік нысандар мен жаңа тау курорттары салына ма деп қорқып, аумақтың мәртебесін өзгерту оның қорғаныс мәртебесін де төмендетеді деп алаңдайды. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жаңа иелеріне сатылса, мұндай жағдай болуы әбден мүмкін. «Шымбұлақ» жаңа иесіне қандай шарттармен берілетіні белгісіз», – деп жазды ФБРК Telegram-арнасы.

Оқылып жатыр

Алдағы күндері күн күрт суытады

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алдағы күндері күн күрт суытады

Басты тақырып 18 мая, 2026

Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы…

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026

Қазақстанда қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді

14 мая, 2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрынғы жасөспірім өлімі ашылды

14 мая, 2026

Tesla Cybertruck Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінде қолданады

14 мая, 2026

Әлем көз тіккен келіссөз: Трамп пен Си Цзиньпин не талқылады

14 мая, 2026

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болды — Заң мақұлданды

14 мая, 2026

Елордада әйгілі Леонардо да Винчиге арналған халықаралық көрме өтеді

13 мая, 2026

Қазақстанда I тоқсан бойынша орташа айлық жалақы аталды

13 мая, 2026

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады

13 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.